• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Серік Шәпкенов: Басты мақсатымыз - әділдік принципін орнатып, дұрыс құқықтық кеңістікте жүру

Серік Шәпкенов: Басты мақсатымыз - әділдік принципін орнатып, дұрыс құқықтық кеңістікте жүру

Аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің төрағалығымен Атырау облысында пилоттық режимде бастау алған республикалық «AMANAT» партиясының жанынан құрылған «Құқықтық көмек» партиялық жобасының қорытындысы туралы жиын өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға басқарма басшылары, күш құрылымдарының бірінші басшылары, қала, аудан әкімдері және «Құқықтық көмек» партиялық жобасының Атырау облыстық филиалының мобильді топ мүшесі, заңгер Абзал Құспан қатысты.

Алдымен «Құқықтық көмек» партиялық жобасының облыста іске асырылуы туралы мобильді топ мүшесі Абзал Құспан баяндама жасады. Ол өз сөзінде Атырау қаласының, облыстағы төрт аудан тұрғындарына құқықтық кеңес бергенін айтты.

- Мен қарапайым азаматтармен, жалғызбасты аналармен, кәсіпкерлермен, мемлекеттік орган қызметкерлерімен кездесіп, мәселесіне талдау жасадым. Оның бәрі де жеке сот орындаушыларының тарапынан дұрыс қызмет көрсетілмеуінен орын алған. Сондай-ақ барлық ауданға ортақ екі мәселе бар. Ол - жекешелендіру мен үй алу мәселесі. Өйткені жергілікті деңгейде жұмыс істейтін комиссияның тек кезекте тұрғандардың тізімін жасаумен-ақ өкілеттілігі тоқталады. Осыған орай біз заңды қайта қарау үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановқа ұсыныс береміз,-деді А.Құспан.

Жиында облыс әкімі Серік Шәпкенов жалдамалы пәтерлерді жекешелендіру және тұрғын үйді сатып алу мәселелерін оңтайландыру және қолданыстағы заңнамаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныс дайындау мақсатында құзырлы орган өкілдеріне арнайы комиссия құру туралы тапсырма берді.

- Тұрғындармен ашық кездесіп, олардың мәселесін саралап, ортаға салып, ашық талқылағаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Біздің басты мақсатымыз - әділдік принципін орнатып, дұрыс құқықтық кеңістікте жүру. Әділдік орнаған жерде бәрі де дұрыс болады. «Құқықтық көмек» партиялық жобасы - осы уақытқа дейін облыста жұмыс істеген барлық құқықтық қызмет көрсетуші мекемелердің дұрыс тұсы тоғысқан өміршең жоба болуы тиіс. Жоба осымен тоқтап қалмай, жалғасын табуы керек. Тұрғындардың қандай да бір құқықтық қызмет алуына көмек керек болса, біз барлық жағдайды жасаймыз,-деді С.Шәпкенов.

Жиын соңында облыс әкімі Серік Шәпкенов «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында жұмыс істеп жүрген заңгерлерге алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі

  • 09.08.2023
  • 151
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика