• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорына «Асыл домбыра» табысталды

Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорына «Асыл домбыра» табысталды

Республикалық «Асыл домбыра - 2022» ақындар айтысына Атыраудан Сырымбек Сәрсембаев, Шалқарбай Ізбасаров пен Шынарбек Қабиев қатысты. Ақындар командалық есепте жүлделі 2-орын иеленіп, «Асыл домбыраны» жеңіп алды. Оны табыстау үшін Атырауға «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли, «Assyltas» корпорациясының құрылтайшысы Дулат Тастекеев арнайы келді.

- Аламан бәйгеде өнер көрсеткен атыраулық айтыскерлер ақтық сайысқа сүрінбей жетіп, төрт мәрте айтысып, өздерінің шынайы ақын екендігін көрсетіп, суырып салмалықпен, шақпа-шақпен үлкен өнер көрсете білді. Бұл Атырау өңірінің ақындары мен батырларының ер екендігін дәлелдеді. Осы аймақтан шыққан көптеген тұлғаның қатарына айтыскер ұлдары қосылды. Олардың жеңіспен әкелген бұл жүлдесі келер ұрпаққа өнеге болары сөзсіз,-деді Д.Тастекеев.

Шара аясында Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына «Асыл домбыра» табысталды. Оған облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев пен мегажобаға қатысушылар, атыраулық ақындар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

- «Асыл домбыра - 2022» ақындар айтысында облыстың абыройын асқақтатқан жерлестерімізге жанкүйер болдық. Осы ретте мегажобаны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Айтыс - қазақтың төл өнері. Өйткені ол өнермен қоса сөздің шешендігін көрсететін, қоғамда орын алған өзекті мәселелерді ортаға салатын, нағыз қоғамдық-саяси өмірдің тезіне түсетін өнер. Ұйымдастырушылар біздің азаматтарға «Асыл домбыраны» беру қажеттігін, орындылығын білдіріп жатыр. Ол айтыскерлеріміздің өнеріне деген құрмет деп білеміз,-деді Ж.Бисембиев.

Шара соңында Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорына «Асыл домбыра» қойылды. Бұл - музейге қойылған 75-домбыра.

Сондай-ақ Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев пен «Хабар» Агенттігі» АҚ Баскарма төрағасы Берік Уәли өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум тараптар арасындағы әріптестік қатынасты орнатуға, өзара тиімді шарттарда ұзақ мерзімді және ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ ақпараттық, білім беру және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру кезінде қолдау көрсетуге бағытталады

  • 09.08.2023
  • 153
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика