• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Атырауда «Тектілік тұғырынан таймаған» атты естеліктер кітабының тұсауы кесілді

Атырауда «Тектілік тұғырынан таймаған» атты естеліктер кітабының тұсауы кесілді

Бүгін Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Атырау облысының «Құрметті азаматы», майдангер, мәдениет майталманы Орынғали Қарасаевқа арналған «Тектілік тұғырынан таймаған» атты естеліктер кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов және Орынғали Қарасаевтың жан-жары Дәметия Қарасаева қатысты.

«Тектілік тұғырынан таймаған» естеліктер жинағы - Орынғали Қарасаевтың өнегесі мол өміржолын қамтыған, замандастары мен іні-қарындастарының ақжарма тілегі жазылған туынды. Шара Орынғали Қарасаевқа арналған арнау өлеңдердің поэтикалық прологымен ашылды.

Облыс әкімі Серік Шәпкенов сөз алып, Орынғали Қарасаевтың өмір жолы өскелең ұрпаққа өнеге екенін айтты. Сонымен қатар еңбек ардагерінің жары Дәметия Қарасаеваға «Ардақты ана» төсбелгісін тақты.

- Ағамыз жан дүниесі бөлек кісі еді. Елін сүйіп, оған аянбай қызмет еткен азамат. Ол өмірі мен жанын тігіп соғысқа аттанды. Отан үшін от кешіп, ортамызға оралды. Сол сәттен бастап өмірінің соңына дейін үлкен істердің басынан табыла білді. Ағамыздың тектілігі бір бөлек, пендешілік қасиеттен ада. Елі үшін, қоғам үшін өмір сүрді. Оның жүріп өткен жолы келер ұрпаққа үлгі болуы тиіс. Аға буын мен іні буын арасында сабақтастық болуы керек. Бүгінгі шара соның дәлелі. Біз қазыналы қарияларымызбен мақтанамыз. Қатарларыңыз сиремесін! Әрқашан еліміздің абыройы боп аман-есен жүргейсіздер,-деді С.Шәпкенов.

Шара барысында облыс әкімі Серік Шәпкенов Орынғали Қарасаевқа арналған облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырған көшпелі көрмемен танысты

  • 09.08.2023
  • 157
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика