- Блогтар
- Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.
Атырау облысының әкімі
Облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады
Облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады
Облыс әкімі Серік Шәпкенов бекітілген кестеге сәйкес 18 тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, олардың арыз-талаптарын тыңдады.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар баспанамен қамту, жер телімін бөлу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және т.б әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Шарада жауапты басқарма басшылары, «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры қатысты. Олар тұрғындардың сұрағына жауап беріп, қажетті кеңес берді.
Аймақ басшысы жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселесін сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында әрекет ету туралы нақты тапсырмалар берді.
Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көтерeді. Баспана Заң аясында кезек бойынша беріледі.
Еске салайық, бүгіннен бастап 5%-дық мөлшерлемемен 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындарына арналған «Атырау жастары» бағдарламасы іске қосылды. Алғашқы жарна - 10%. Құжаттарды қабылдау 20 ақпанға дейін жалғасады. Оған дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және спорт қызметкерлері, жоғары оқу орындарының профессорлары, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, журналистер, әлеуметтік сала және коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері, сондай-ақ «жетім балалар» санаты бойынша үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады. Бағдарламадан үмітті азаматтың облыста немесе қалада 1 жыл аралығында тұрақты тіркеуде болуы, меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы, ресми жұмыс өтілі болуы керек.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өткен жылмен қосқанда бүгінге дейін 31 қабылдау өткізіп, 450-ге жуық тұрғынды жеке қабылдады. Сондай-ақ аудандарға жұмыс сапары барысында 190-нан астам тұрғынды жеке қабылдады.
Аймақ басшысы облыстық әкімдіктің арнайы бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке қабылдайды.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Атырау облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді.
Байланыс нөмірі: 8 (7122) 95-66-82
- 10.08.2023
- 100