- Блогтар
- Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.
Атырау облысының әкімі
Елена Тарасенко Атырау облысына жұмыс сапарымен келді
Елена Тарасенко Атырау облысына жұмыс сапарымен келді
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Елена Тарасенко Атырау облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сапар шеңберінде Е.Тарасенко алдымен «Абай» атындағы оқушылар орталығына келді. Атырау облыстық Білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Садуахасова мен Абай атындағы
оқушылар орталығы директорының орынбасары Макаш Ильясов аталған орталықтың жұмысымен таныстырды.
Қазіргі таңда орталықта 62 үйірме бойынша 2500 оқушы тегін білім алады. Елена Тарасенко туризм бағытын басымдылықпен атап өтті.
- Балалар мен жасөспірімдер арасындағы туризмді одан әрі дамыту қажет. Өйткені, біз балалардың бос уақытын тиімді пайдалану арқылы патриоттық, экологиялық тәрбие бере аламыз,- деді Е.Тарасенко.
Гүлнар Садуахасованың айтуынша, туризм бағытын дамыту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Кейін «Шаңырақ» балалар ауылына барып, тыныс-тіршілігімен танысты. Заманауи талапқа сай салынған ғимаратта тәрбиеленушілерге барлық жағдай жасалған. Бүгінде балалар мен жасөспірімдер үйінде 50 тәрбиеленуші бар. Ең кішісі үш жарым жаста. Сонымен қатар, балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында спорт кешені мен акт залы, би, қолөнер үйірмесі қарастырылған.
Сондай-ақ, отбасын қолдау орталығына барып, көпбалалы, жалғызбасты және мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған аналармен кездесті.
Кездесуге Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов, «Аналарға көмек қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сандуғаш Көкенова және облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспектор Замзагүл Жалмурзина қатысты.
- Отбасын қолдау орталығы жалғыз әйелдерге емес, ер адамдарға да қолдау көрсетуге әркез дайын. Бүгінде отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік және басқа да көмек бойынша орталықтан жәрдем ала алады. Сонымен қатар, сіздерге отбасы цифрлық картасы іске қосылатыны туралы айтқым келеді. Азаматтардың әлеуметтік жағдайы, тұрғын үй ахуалы, тұрмыс деңгейі аталған картада тұрады. Бір сөзбен айтқанда мемлекеттен қандай да бір көмек түрін алуға құқылы болсаңыз, содан ақпар беріп отыратын электронды хабарлаушы,- деді Е.Тарасенко.
Сапар аясында ол Атырау қалалық перзентханаға барып, жас аналармен және медицина қызметкерлерімен кездесті. Қалалық перзентханада ана мен сәби үшін барлық жағдай жасалған. Айына шамамен 450-500 сәби дүние есігін ашатын перзентханада бүгінде 98 әйел бар.
Елена Тарасенко денсаулық сақтау саласы әр уақытта басты назарда екенін айтып, ана мен баланың денсаулығы үшін еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Содан соң дағдарыс орталығына барып, Атырау облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі инспекторларымен кездесті. Бүгінде аталған орталықтан 9 әйел мен 13 бала пана тапқан.
Сонымен қатар, еліміздің мұнай-газ кешеніне кадр даярлайтын Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттерімен ерекше кездесу өткізді. Студенттер өз университетін таныстырып, ұсыныстары бойынша пікір алмасты.
Кейін «Атамекен» кәсіпкерлікті қолдау орталығы жанынан құрылған Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығының жұмысымен танысып, кәсіпкер әйелдермен кездесті.
Айта кетейік, кеңес іскерлік ортада белсенділігін арттыру мақсатында әйелдерді бір одаққа біріктіру, қыз-келіншектерді мүмкіндігінше кәсіпкерлікке тарту мақсатында жұмыс жасауда.
Одан соң Е.Тарасенко «Әйелдер күштері Альянсы» облыстық филиалының мүшелерімен және «Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жастар қанатымен кездесіп, облыстағы жұмыс қарқынымен танысты
- 10.08.2023
- 108