• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Жаңа Қаратон кентінде жүріп жатқан құрылыс жұмыстарына қоғамдық бақылауды күшейтуге шақырды

Облыс әкімі Жаңа Қаратон кентінде жүріп жатқан құрылыс жұмыстарына қоғамдық бақылауды күшейтуге шақырды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кентінің тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында аймақ басшысы Жаңа Қаратон кентінде атқарылып жатқан істер туралы баяндама жасап, кейін тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдады.

Серік Шәпкенов тұрғындармен өткен мұндай ашық кездесулердің нәтижесі елді мекендерді дамытуға, инфрақұрылым мәселесін шешуге оң әсерін тигізетінін айтты. Сондай-ақ тұрғындарға кентте жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын мердігерлер сапалы жүргізуі үшін қоғамдық бақылауды күшейтуді тапсырды.

- Мен барлық өңірлерді аралаған кезімде сол елді мекеннің жан-жақты дамуын басты назарда ұстайтынымды айтып жүремін. Өткен жылы Жаңа-Қаратон кентішілік ұзындығы 33 шақырым автокөлік және жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Бұдан басқа, Жаңа Қаратон кентіне 20 шақырым жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өтуде. Қорытындысын алу ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған. Бұл жұмыстың бәрі тұрғындардың игілігі үшін жасалады. Сондықтан қандай жобалар тапсырылса да, олар сапалы аяқталуы үшін қоғамдық бақылауды күшейтейік,-деді С.Шәпкенов.

Кездесуде тұрғындар кәріз құбырларын ауыстыру, газ құбырын тарту, көше жарығын жүргізу, ауылішілік автокөлік жолын, демалыс орнын, ойын алаңын салу, халықты жұмыспен қамту сынды мәселелерді көтерді.

Серік Шәпкенов жиында көтерілген сұрақтар заң шеңберінде кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.

Жаңа Қаратон кентінде 7 112 халық тұрады. Мұнда 2 мектеп, 1 спорт кешені, 2 балабақша, 1 амбулаториялық емхана, 1 полиция бөлімшесі және өзге де әлеуметтік нысандар бар.

Облыс әкімінің Жаңа Қаратон кентінің тұрғындарымен кездесуі Жылыой ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді

  • 11.08.2023
  • 190
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика