• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Серік Шәпкенов Бәйгетөбе ауылының тұрғындарымен кездесті

Серік Шәпкенов Бәйгетөбе ауылының тұрғындарымен кездесті

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Мақат ауданына жұмыс сапарымен барып, Бәйгетөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Алдымен облыс әкімі Бәйгетөбе ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Кейін ауыл тұрғындарының мәселесін тыңдады. Олардың айтуынша, ауылда инженерлік инфрақұрылым жүргізу мәселесі өзекті.

- Халықпен кездесулерде ең көп айтылып жүрген мәселелердің бірі - инженерлік инфрақұралым. Бәйгетөбе ауылдық округіне инженерлік инфрақұрылым желілерін, яғни газ, су, электр желісін жүргізу жұмыстарына қаражат бөлініп, жұмыстар басталды. Оны 2023 жылдың соңында аяқтау жоспарланды. Мұндағы тағы бір үлкен мәселе - ауылішілік автожолдар. Бәйгетөбе ауылдық округі бойынша ұзындығы  28,7 шақырымды құрайтын автожолдардың  56 пайызы – бүгінде қанағаттанарлықсыз жағдайда, асфальтталмаған қара жолдар. Бұл тұрғындарға өзіндік қиындығын туғызуда. Бұл бойынша жұмыстар жүргізілуде, әлі де жалғасады,-деді С.Шәпкенов.

Жиында Бәйгетөбе ауылдық округінің тұрғындары ауыз сумен қамту, ауылішілік автокөлік жолын, ойын алаңын, спорт кешенін салу, жұмыспен қамту, көше жарығын жүргізу, Ескене, Таскескен ауылдарынан балаларды мектепке тасымалдайтын автобус шығару сынды әлеуметтік мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар жиында Бәйгетөбе ауылдық округіне қарасты Ескене, Таскескен ауылдарын облыс орталығына көшіру мәселесі де көтерілді. Облыс әкімі бұл бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Серік Шәпкенов жиында көтерілген мәселелер бақылауында болатынын, олар заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.

Аймақ басшысы тұрғындармен кездесуден соң, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Бәйгетөбе ауылдық округінде 1 884 адам тұрады. Мұнда Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешені, 1 амбулаториялық емхана, 1 полиция бөлімшесі және өзге де әлеуметтік нысандар бар.

Облыс әкімінің Бәйгетөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі Мақат ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді

  • 11.08.2023
  • 167
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика