• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Серік Шәпкенов қоғам қайраткері Рашиля Мурсалиеваны мерейтойымен құттықтады

Серік Шәпкенов қоғам қайраткері Рашиля Мурсалиеваны мерейтойымен құттықтады

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов «Парасат» және «Құрмет» орденінің иегері, Атырау облысының «Құрметті азаматы», қоғам қайраткері Рашиля Мурсалиеваны қабылдап, мерейлі 75 жасымен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Серік Шәпкенов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында қолтаңбасын қалдырған Рашиля Мурсалиеваға жылы лебізін білдірді.

- Мемлекеттік қызметтегі тәжірибеңіз жастарға өнеге жолына ұласты. Қазіргі таңда әлеуметтік салалар бойынша кеңес беріп, қоғамның дамуына үлес қосып келесіз. Мерейлі күні Сізге ерекше ілтипатымды білдіре отырып, деніңізге саулық, отбасы бақыты мен шаңырақ шаттығын тілеймін. Әулеттің ырыс-құты арылмасын,-деді С.Шәпкенов.

Рашиля Мурсалиева жаңа жасымен құттықтап, аға буын өкіліне құрмет көрсеткен облыс әкімі Серік Шәпкеновке алғысын жеткізді.

- Өмірімнің саналы кезеңі мемлекеттік қызметте өтті. 37 жыл осы салада жұмыс істеген еңбегімді бағалап, мемлекеттік қызметтің ардагері деп ескеріп, бүгін облыс әкімі мерейтойыма орай қабылдады. Өзінің тығыз жұмыс кестесіне қарамастан аға ұрпаққа көрсеткен осындай қошеметіне шын көңілмен ризашылығымды білдіремін. Осы сәтті пайдаланып, менің еңбегімді бағалаған Атырау жұртына үлкен алғысымды жеткізгім келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,-деді Р.Мурсалиева.

Кездесуде отбасы құндылығы, кадр дайындау сынды тақырыптарда әңгіме өрбіді.

Рашиля Қабиқызы Мурсалиева алғашқы еңбек жолын Жангелдин аудандық комсомол комитеті мектеп бөлімінің меңгерушісінен бастаған.

Комсомол және партия комитеттерінде қызмет атқарған.

Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледждің директоры қызметінде болды.

1999-2006 жылдар аралығында Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2006-2008 жылдар аралығында облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры қызметінде жүріп зейнетке шықты.

2010 жылдан бастап «Теңіз мұнай құрылысы» ЖШС президентінің кеңесшісі.

2008 жылдан бастап Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының мүшесі.

  • 11.08.2023
  • 151
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика