• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алматы облысында «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі өтті

Алматы облысының Қонаев қаласында «Қазақстанның үздік тауары» облыстық байқау-көрмесі өтіп, оның аясында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы қатысушыларының көрмесі өтті.

Шара жаңа облыс орталығының орталық алаңында өтті. Оған 80-ге жуық кәсіпкер қатысып, көрме қонақтары тауарларды өндірушілердің бағасымен сатып ала алды.

Салтанатты ашылу рәсімі Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаевтың сөзімен басталды. Ол өз сөзінде байқау арқылы халық арасында сапа идеясын кеңінен танытанымызға сенімді екенін атап өтті.

«Бүгінде облыста 120 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Халық тұтынатын тауарлардың отандық өндірісін қолдау мақсатында Кәсіпкерлікті дамытудың 2022 жылға арналған ұлттық жобасы аясында 18,8 млрд теңгеге жобалар қаржыландырылды. Шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған қолдау 250 мыңнан астам адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 26%-ын жұмыспен қамтып отырған өңір экономикасының дамуына орасан зор мультипликативті әсер береді» – деп түйіндеді әкім орынбасары.

Шара қонақтарына аспаптық ансамбльдің орындауында жанды әуендер шырқалды, әртістер музыкалық және шығармашылық нөмірлермен өнер көрсетті. Кейбір аудандар да креативпен көзге түсті. Мәселен, Жамбыл облысының көрме қонақтарын батыр жауынгерлер мен ұлттық киімдегі көрікті қыздар қарсы алса, Қарасай өңіріне келген қонақтарды домбырадағы қазақ музыкасының дуэті қарсы алды.

Үздік тауарлар екі номинация бойынша анықталды: «Үздік өнеркәсіп тауарлары» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Жеңімпаздарды құрамына жергілікті билік пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, облыстың Өңірлік кеңесі мен Кәсіпкерлер палатасының мүшелері кірген арнайы комиссия анықтады.

«IT&M» компаниясы «Үздік өнеркәсіп тауарлары» номинациясының жеңімпазы атанды. «IT&M» ЖШС Қазақстан Республикасының аумағында «Misot-Flex» маркалы синтетикалық пенопласт шығаратын желіні іске қосқан алғашқы компания.

2-ші орынды инновациялық молекулалық технологияларды қолдану арқылы әзірленген бірегей синтетикалық майларды шығаратын компания «ЛУКОЙЛ Лубрикант Центральная Азия» ЖШС иеленді.

Бұл номинация бойынша марапатты «Беріктігі жоғары кабельдік құбырлар зауыты» компаниясы жапты. Кәсіпорынның қызметі механикалық беріктіктің жоғарылауына және сәйкесінше кабельді қорғауға арналған жоғары сапалы құбырларға кепілдік беретін ТМД елдеріндегі бірінші спиральды құбырларды өндірудің инновациялық технологияларын пайдалануға негізделген.

«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында жалғыз жеңімпаз «AsiaAgroFood» АҚ атанды.

«Біз Қазақстанда сироптар, мал азығы және нан ұнының өндірісі бойынша көшбасшымыз. Біздің негізгі қызметіміз бидай дәнін ұнға және жүгері дәнін глюкоза-мальтоза сироптарына өңдеу, сонымен қатар мал азығының барлық түрлерін өндіру болып табылады. Барлық цехтар мен өндірістер Германияда, Швейцарияда, Италияда және АҚШ-та шығарылған ең жаңа, өнімділігі жоғары жабдықтармен жабдықталған. Сондықтан, еңбегіміздің жақсы бағаланғанына ризамыз. Біз облысымызды республикалық деңгейде мақтанышпен көрсететін боламыз», - деп атап өтті компания өкілдері.

          Айта кетейік, облыстық іріктеу жеңімпаздары жыл соңында Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін республикалық байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

          Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Ержан Дүйсекенов байқаудың мақсаты – кәсіпорындардың қызметін жандандыру, отандық тауарлардың сапасын арттыру және қазақстандық нарықты бәсекеге қабілетті өніммен толтыру екенін атап өтті.

          Сондай-ақ, «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі аясында алғаш рет «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың өнімдері ұсынылды.

          «Бір ауыл – бір өнім» жобасы – өз экономикасын жақсарту үшін әлеуетті табиғи ресурстарды пайдалану арқылы ауылдық жерлерде экономикалық өсудің құралы. Қағида ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру, сату және кірісті арттыру үшін кәсіп ретінде бір ауыл бәсекеге қабілетті негізгі бір өнімді шығаруына негізделген.

Көрмеге қатысушылардың көпшілігі мұндай шараларға алғаш рет қатысып отырғандарын атап өтті. Мәселен, Райымбек ауданының кәсіпкер әйелі Күлпарқан Тоқтақын. Ол квиноадан емдік қара сабын жасаумен айналысады.

«Ежелден ата-бабаларымыз квиноадан жасалған қара сабынды күнделікті өмірде қолданған. Ал көне емшілер сабынның арқасында ең ауыр жараларды емдеп, тіпті операция кезінде дезинфекциялаушы құрал ретінде пайдаланған», - деп өз өндірісімен таныстырды кәсіпкер.

Көрмеде жұмыс тобы үздік 10 қатысушыны таңдады. Әрі қарай осы кәсіпкерлер туралы толық презентациялар әзірленіп, олар бренд-комитетке ұсынылады. Комитет осы тізімнен үш финалистті таңдайды. Және дәл сол финалистер бұл жобаның көптеген мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады: жылдың соңына дейін оқыту және маркетингтік қызметтер, ерекше маңызды сертификаттар, ішкі және әлемдік нарықтарда жылжыту, брендті дамыту, дизайн жасау және т.б.

  • 14.08.2023
  • 175
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика