• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Серік Шәпкенов Махамбет ауданына жұмыс сапары аясында Махамбет, Еңбекшіл, Алға ауылдарына барды

Облыс әкімі Серік Шәпкенов Махамбет ауданына жұмыс сапары аясында Махамбет, Еңбекшіл, Алға ауылдарына барды

Алдымен 600 орындық мектеп және 300 орындық интернаттың құрылыс барысымен танысты. Бүгінде мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары уақытылы жүріп жатыр. Интернат ғимаратының қабырғалары толықтай қаланып, шатыры жабылды. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Интернаттың құрылысы 90%-ға, мектептің құрылысы 85 %-ға аяқталды. Бұл нысандар осы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар Серік Шәпкенов Махамбет ауылындағы құрылысы аяқталған 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Мердігер мекеме – «АқсайСтройСервис» ЖШС. Өткен жылдың мамыр айында пайдалануға берілгенімен, төбеден су ағып, электр желісі мен жылу жүйесінде ақау болған. Қазіргі таңда бұл кемшіліктер жойылды. Алайда ғимарат иесіз тұр. Облыстық спорт басқармасы нысанды қабылдамағандықтан, аудан теңгеріміне әлі алынбаған.

Аймақ басшысы Құрылыс басқармасына «Атырау-Жарық» АҚ-ның мамандарын шақырып, электр желілерін, жылу құбырларын қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

– Құрылыс басқармасы мердігер мекемеден қабылдап алды. Сіздер күзет қойып, суын жіберіп, басқа жұмыстармен айналысуларыңыз керек еді. Өзімізге өзіміз жау сияқтымыз. Ешкімнің де жаны ашымайды. Бұл – сіздердің игіліктеріңіз үшін берілген нысан. Сондықтан басқарманың қабылдағанын күтпей-ақ, жұмыс істеудің орнына, мәселені одан сайын қиындатасыздар,-деді С.Шәпкенов.

Кейін облыс әкімі Махамбет ауылындағы Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарымен танысты. Жағалаудың жалпы ұзындығы - 4,5 шақырым. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың тамыз айында басталды. Бүгінде көлбеулерін, кері сүзу сүзгісін қалыптастыру, монолитті ростверк құю, оны сыммен тоқу, бағаналарды қағу, орналастыру, темір шпунт қағу, тасты қабатты орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Жағалауды нығайту жұмыстары 2023 жылдың шілдесінде аяқталады деп жоспарланған. Десе де, мұнда жұмыс күші тапшы. Техника саны жеткіліксіз. Сондықтан жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған. Өндірістік жұмыстар бекітілген жұмыс кестесінен кешігіп жатыр. Бұл кемшіліктер жұмыстың уақытылы аяқталмай қалуына себеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ аймақ басшысы Есбол ауылдық округі Еңбекшіл ауылындағы құрылысы жүріп жатқан фельдшерлік-акушерлік пунктке де барды. Медициналық мекеме – Еңбекшіл ауылының тұрғындарына білікті мамандардан жиналған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін заманауи медициналық ұйым. Құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталды. Қазіргі таңда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимарат 2023 жылдың сәуір айының соңында халық игілігіне берілмек.

Облыс әкімі осы ауылдағы «Еңбекшіл ауылының су тазарту ғимараты және селоішілік су құбырлары» мүліктік кешеніндегі су тазарту қондырғысының жұмыстарымен танысты. Мекеме Еңбекшіл ауылын таза ауыз сумен қамтып отыр. Мұнда жазғы су құбырына және су тазарту қондырғысының су құбырына жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүруде. Оны аяқтау үшін 147 млн теңге қаражат қажет.

Серік Шәпкенов жұмыс сапары аясында Алға ауылындағы жаға бекіту жұмыстарымен танысты. Бүгінде бұл жерде бірінші және екінші арнаны қазу, ПК0-ден ПК8-ге 800 метр бағана қағу, ӘЖ-10 желісін ауыстыру жұмыстары жүруде. Сәуір айында материалдарды жеткізу мен қазылған топырақты арнайы орынға тасымалдау жұмыстары басталады.

Бұдан бөлек облыс әкімі Алға ауылдық округіндегі әлеуметтік сала объектілерінің жай-күйін зерделеді. Округ әкімдігінің ғимаратында 14 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. 2000 жылы күрделі жөндеуден өткен. Ғимараттың бір бөлмесінде Махамбет аудандық «Қазпоштасының» ауылдық округтегі байланыс бөлімшесі орналасқан. Бүгінде ғимараттың қабырғасы жарылып, барлық бөлменің төбесінен су ағып тұр.

Бұл ауылдағы 1957 жылы салынған «Алға» мәдениет үйінің жағдайы да көңіл көншітпейді. Өте ескі, тозығы жеткен. Ғимарат жөндеуге келмейді. Соған сәйкес Алға ауылына 200 орындық жаңа мәдениет үйін салуға жобалық-сметалық құжаттама жасақтау үшін сараптама қорытындысы алынды. Келесі жылы құрылыс жұмыстарын бастау үшін аудан әкімдігі қаржы сұрамақшы.

  • 16.08.2023
  • 155
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика