• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Атырау облысының әкімі мен Астрахань облысының губернаторы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайту жөніндегі құжатқа қол қойды

Атырау облысының әкімі мен Астрахань облысының губернаторы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайту жөніндегі құжатқа қол қойды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Ресей Федерациясы Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин бастаған делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атырау облысының әкімі мен Астрахань облысының губернаторы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайту жөніндегі құжатқа қол қойды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Ресей Федерациясы Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин бастаған делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Серік Шәпкенов екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Аймақ басшысы өңіраралық сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударды.

- Қазақстан мен Ресей - көпғасырлық тарихы байланыстыратын достығы жарасқан елдер. Бұл байланыстар бүгінде Еуразиялық экономикалық Одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және  басқа да халықаралық ұйымдар аясында жаңа мазмұнға ие. Осының бәрінде де екі ел жетекші рөл атқарады. Екі облыс арасында көп жылдан бері сауда-экономикалық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, табиғатты қорғау салаларында және өзге де бағыттар бойынша тұрақты және табысты ынтымақтастық жолға қойылған. Екі облысқа да ортақ мәселелерді бірлесіп шешу үшін өңіраралық қатынасты одан әрі нығайту қажет. Сондықтан серіктестікті дамыту мақсатында үш жылдық жоспарға қол қоюға ниеттіміз,-деді С.Шәпкенов.

Өз кезегінде Игорь Бабушкин арадағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге әзір екенін атап өтті.

- Серік Жамбылұлы, өзіңіз атап өткендей бізді әртүрлі саладағы қатынастар байланыстырады. Болашақта арадағы достық қарым-қатынас одан әрі жалғасады деген сенімдемін. Екі күннен бері Астрахань облысының делегациясы атыраулық әріптестерімен бірге арадағы ынтымақтастыққа өзгерістер енгізу мүмкіндігін талқылады. Өзіңіз атап өткендей, ауылшарушылығы саласында орнаған көп жылғы қатынас та жемісін беріп келеді. Осыған орай, ауылшаруашылық өнімдерімен алмасу көрсеткіштерін арттыруды ойлап отырмыз. Біз атыраулық ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді Астрахань облысындағы жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз. Тағы бір көтеретін мәселе бар. Қазіргі уақытта Астрахань мен Атырау қалалары арасында Qazaq Air әуе компаниясы орындаған рейстер тоқтатылды. Осы орайда біздің іскерлік-гуманитарлық келісім-шарттарымызды нығайту мақсатында Астрахань мен Атырау арасында тікелей әуе қатынасын жандандыруға ықпал етуіңізді сұраймын, -деді И.Бабушкин.

Екіжақты кездесу барысында Азғыр өңіріне инфрақұрылым тарту, білім беру, медицина, кадр даярлау салаларында ынтымақтастықты арттыру секілді мәселелер мен Еділ және Жайық өзендеріне қатысты сұрақтар талқыланды.

Жиында Атырау және Астрахань облыстары арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық қатынастарды одан әрі жандандыру мақсатында облыс әкімі Серік Шәпкенов пен Астрахань губернаторы Игорь Бабушкин «2023-2026 жылдарға арналған Астрахань облысы (Ресей Федерациясы) мен Атырау облысы (Қазақстан Республикасы) арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары» туралы құжатқа қол қойды.

Қазақстандық шаруашылық жүргізуші субъектілері мен астрахандық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне іскерлік байланысты дамытуға, өзара тиімді қарым-қатынасты кеңейту мақсатында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев пен Астрахань шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау қорының бас директоры Ирина Азарова Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы (ҚР) мен Астрахань шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау қоры (микрокредиттік компания) (РФ) арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Сондай-ақ «Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы (ҚР) мен «Астрахань сауда-өнеркәсіп палатасы» Одағы (РФ) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға» облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев пен «Астрахань сауда-өнеркәсіп палатасы» Одағының Президенті Станислав Синченко қол қойды.

2023 жылдың қаңтар айында Атырау облысының Ресей Федерациясымен сыртқы сауда айналымы 29,7 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт - 6,2 млн АҚШ доллары, импорт - 23,5 млн АҚШ доллары.

  • 18.08.2023
  • 142
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика