• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

Облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

Бүгін, облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Жиында облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев облыс аумағындағы тас жолдарда жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары туралы баяндама жасады.

- 2023 жылдың үш айында жол-көлік оқиғаларының саны 15,2%-ға азайды. Яғни, қаза болғандар саны 80,0%-ға, жарақат алғандар саны 7,1%-ға төмендеді. Жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының 579 шақырымында, «Атырау - Орал» тас жолының 6,9,11 шақырымында және облыстық маңызы бар «Атырау - Индер» тас жолының 17 шақырымында «Кордон» жылдамдықты өлшеу құралдары орнатылды. Сондай-ақ, республикалық және облыстық маңызы бар қала сыртындағы трассалардың 275 нүктесінде көлік құралының жүру жылдамдығын есептеуге қабілетті «Сергек» жылдамдық-өлшеу құралын орнату үшін ұсыныс жіберілді, қазіргі уақытта аталған құрылғыларды орнату үшін жауапты «Көркем- Жайық Телеком» мекемесімен қызметтер атқарылуда, -деді Н. Оразбаев.

Облыс әкімі жол-көлік оқиғасы азайғанымен зардап шеккендердің саны артқанын атап өтті. Соған сәйкес жауапты басшыларға көлік жүргізушілерін жан-жақты тексеріп, такси қызметіне бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, баласын рөлге отырғызған ата-аналармен түсінік жұмыстарын жүргізуді, жауапкершілікті қатаңдатуды тапсырды.

- Тас жолда көліктер жоғары жылдамдықпен жүреді. Соның салдарынан қайғылы оқиға көп тіркеледі. Такси қызметіне бақылауды күшейту керек. Көлік жүргізушілермен сөйлескенімде, олар халық жылдамдықты көтеруді сұрайтынын айтты. Ал олар адам өміріне жауапты. Сол үшін оларға талапты күшейту керек. Қойылған талап бойынша тексеру қажет. Егер оған сай келмесе жүруге тыйым салыңыздар. Екіншіден, қазір баласын рөлге отырғызатын ата-аналар бар. Балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғасын тіркелуде. Мәселен, Құрманғазы ауданында сондай оқиға болып, қайғылы жағдаймен аяқталды. Бала қайтыс болды, ата-анасы қайғыда. Бірінші кезекте заң үстемдігін ұмытпсу керек. Заң аясында шара қолданбасақ мұндай оқиғалар қайталана береді. Ата-анаға жауапкершілікті күшейту керек,-деді С.Шәпкенов.

  • 18.08.2023
  • 135
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика