• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сенбілік аясында облыс әкімі Серік Шәпкенов тұрғындармен бірге тал екті

Сенбілік аясында облыс әкімі Серік Шәпкенов тұрғындармен бірге тал екті

Бүгін Атырауда сенбілік өтті. Оған аймақ басшысы Серік Шәпкенов және облыс, қала әкімдіктерінің қызметкерлері қатысты. Олар республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» тас жолының бойына 500 тал екті. Сонымен қатар қаланың өзге аумақтарында да тазарту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сенбілікте Атырау қаласының климатына төзімді қарағаш, шаған, үйеңкі отырғызылды.

Облыс әкімі шара аясында Сұлтан Бейбарыс даңғылы бойында орналасқан №17, 19, 21, 21а, 25 үйлердің тұрғындарымен кездесті. Аулаларда жаңадан салынған балалар ойын алаңдары мен ашық спорт алаңдарын аралады. Сондай-ақ тұрғындар облыс әкімінен ауладағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында бейнекамералар санын көбейтуді, үйлердің шатырын жөндеуге ықпал етуді сұрады. Кейін тұрғындар облыс әкімімен бірге аулаға 50 тал екті.

Жалпы Атырау облысының елді мекендерін көгалдандыру мен жасыл аймақтар құрудың 2021-2025 жылдарға арналған Өңірлік жоспары аясында 275 га аумаққа 540 000 ағаш отырғызу жоспарланған. Биыл 54,7 га жерге 111 042 ағаш отырғызылады. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқов мәлім етті.

- Сонымен қатар Атырау облысында ормандарды өсіру мен молайту Кешендік жоспары бойынша 5 жыл ішінде 2 803 гектар орман алқабына барлығы 7 миллион екпе отырғызу жоспарға енді. Соған сәйкес 2023 жылы 573,5 гектар жерге 1 439 мың ағаш көшетін отырғызу жоспарланып, қазіргі уақытта отырғызу жұмыстар жүргізілуде,-деді Н.Жантоқов.

Ал «Атырау қаласын көгалдандыру» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша «Каспийдормостострой» ЖШС бес жыл ішінде қалаға 25 000 ағаш отырғызу қажет. Яғни 2019 жылдан бастап жыл сайын Атырау қаласы аумағында 5 000 көшет отырғызылып жатыр. Сондай-ақ бұл компания ағаштарды суару, арам шөптен тазарту сынды күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізеді.

  • 18.08.2023
  • 124
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика