• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов ардагерлер кеңесінің ІІІ Пленум отырысына қатысты

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов ардагерлер кеңесінің ІІІ Пленум отырысына қатысты

Бүгін облыстық ардагерлер кеңесінің ІІІ Пленум отырысы өтті. Оған облыс әкімі Серік Шәпкенов пен кеңестің 25 мүшесі, бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары, қоғам белсенділері қатысты.

Пленумның күн тәртібінде:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын облыс ардагерлер ұйымдарының міндеттері;

- Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау жөніндегі жұмыстары туралы мәселелер қаралды.

Алдымен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов баяндама жасады.

- 2023 жылы екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жерлестеріміз Қайырғали Смағұлов, Боран Нысанбаев, Александр Афанасьев, Ғизат Әліпов, Федор Канцевтардың теңдесі жоқ ерліктеріне 80 жыл толу құрметіне орай «Қос батыр» медалі шығарылып, марапаттау ережесі бекітілді. Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен 40 ардагер тәлімгерлік қозғалысқа белсене қатысып, өз іс-тәжірибелерін жас мемлекеттік қызметкерлерге үйретуде. Облыста «Дәнекер» пилоттық жобасы кеңінен қанат жайып 6 кәсіби, 54 қоғамдық ардагер медиаторлар бірлікті, татулықты нығайтуға белсене атсалысуда. Орталық кеңестің «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» атты қайырымдылық акциясына байланысты облыста мыңға жуық қоғамдық іс-шаралар өтіп, оған 16 мыңдай зейнеткер тартылды. Айлық кезінде 12 470 зейнеткерге 157млн 757 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 20 млн 995 мың теңгеге артық. Демеушілердің көмегімен 2 мың ардагер әртүрлі газет -журналдарға тегін жаздырылды, - деді М.Өтешов.

Отырыста Жолдауда айтылған мәселелердің орындалу барысы, Мақат ауданының 100 жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар, Мақат ауданының әлеуметтік мәселелері, жастарды теріс ағым жетегіне еруден сақтау, олардың тәрбиесі, денсаулық жағдайы сынды мәселелер талқыланды.

Жиында Серік Шәпкенов пленумда көтерілген мәселелерге қатысты пікір білдірді.

- Бүгінде өте маңызды мәселе - жастардың тәрбиесі. Қазіргі жас ұрпақ - ертеңгі қоғам. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің деген бар. Ұлт болам десек, болашағымызды алдын ала ойлайтын болсақ, қазірден бастап дұрыс тәрбие берілуі керек. Екіншіден, дін мәселесі. Әрине, балаларымыз бойын жаман әдеттен аулақ ұстағанына қуанамыз. Алайда, теріс ағымның жетегінде кеткендер де аз емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: Дәстүрлі ислам дінін ұстануымыз керек. Бұл жердегі рухани құндылықтарды жастардың бойына сіңіре білуіміз керек,- деді. Біз осы күнге дейін дінсіз болған жоқпыз. Әрқайсымыз құдіретті күштің бар екенін, Алланың жүрегімізде екенін білдік. Заман өзгеруіне байланысты неше түрлі діни ағымдар бар. Жастарымыз оған ермес үшін дұрыс орта, жақсы тәрбие берілгені дұрыс. Үшіншіден, еңбекке орналасу мәселесі. Қазір жастар ақшасы көп, жұмысы аз жерде қызмет еткісі келеді. Десе де, қазіргі заман – білімді, еңбекқор, іскер адамдардың заманы. Өмірде табысты болу үшін жастарға осы қасиеттерді бойға жинаудың маңызын түсіндіру қажет, - деді С.Шәпкенов.

Серік Шәпкенов ардагерлер ұйымдарының жұмысына белсене қатысып, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ізгілікке тәрбиелеуге ерекше үлес қосқан бірқатар ардагерді марапаттады.

Серік Жұбанұлы Сапанов - «Атырау облысы алдындағы еңбегі үшін» медалімен;

Мұхамбетқали Қалиұлы Қалиев - «Атырау облысы алдындағы еңбегі үшін» медалімен;

Қосыбек Салтанатұлы Ырзағалиев - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен;

Жұмабай Орынғалиұлы Доспанов - «Қос батыр» медалімен;

Зұлпұхар Мақсотұлы Сүйнешов - «Ардақты ардагер» алтын медалімен;

Злиха Қадырбайқызы Дүйсекенова - «Тәлімгер» медалімен;

Түрікменбай Нұржігітұлы Нұржігітов - «Мейірімді жүрек» медалімен марапатталды.

Жиын соңында қайтыс болуына, қоныс аударуына, басқа жұмысқа ауысуына, денсаулық жағдайына байланысты облыстық ардагерлер кеңесінің 10 мүшесі қатардан шығарылды. Сонымен қатар, бұл орындар 15 ардагермен толықты.

  • 18.08.2023
  • 335
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика