• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Серік Шәпкенов Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдерін қабылдады

Облыс әкімі Серік Шәпкенов Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдерін қабылдады

Жиынға Орталық Азия бойынша ЕҚДБ басқарушы директоры Жужанна Харгитай, Қазақстан бойынша ЕҚДБ басшысы Озхан Хусейн, инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары Бахтиёр Файзиев, жобалар бойынша аға маман Арман Ишмухамедов және басқарма басшылары қатысты.

Қос тарап Атырау өңірінде инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржыландыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Серік Шәпкенов еліміздің Еуропалық қайта құру және даму банкі 30 жылдан бері маңызды әріптесі екенін, бұл байланыстың екі жаққа да табысты болғанын атап өтті.

- ЕҚДБ - еліміздің сенімді серіктесі. Сіздің банк жүзеге асырған жобалармен таныспын. Біз сіздермен кез-келген бағытта жұмыс істеуге дайынбыз. Жалпы қалада жеке тұрғын үй секторы көп. Олардың 80 пайызы орталық кәріз жүйесіне қосылмаған. Осы ретте қала мен әр ауданды үлкен магистральдық желілерге қосу үшін бірыңғай бағдарлама жасақтауға болады. Сондай-ақ балық шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы саласында да бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік бар, - деді С.Шәпкенов.

Өз кезегінде Орталық Азия бойынша ЕҚДБ басқарушы директоры Жужанна Харгитай тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған түрлі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға дайын екенін жеткізді.

- Бұл біздің Атырау өңіріне алғашқы сапарымыз. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта Атыраудағы негізгі клиентіміз - АМӨЗ. Оған банктен кәріз-тазарту құрылыстарын қайта жаңғырту үшін қаражат берілді. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде айтқым келеді. Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін бұл салада қандай бағыттарды ұсынасыз? Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторына қатысты, яғни тұрмыстық қалдықтарды тазарту, кәріз-сору станциясын салу немесе басқа да қызмет түрлері бойынша жобаларды жүзеге асыру жөнінде мәселелерді талқылағымыз келеді. Біз осы және сіз ұсынған өзге де жобаларды инвестициялауға дайынбыз, - деді Ж.Харгитай.

2022 жылдың қорытындысы бойынша облысқа Еуропалық қайта құру және даму банкі 54,4 млрд теңге несие көлемінде 2 647 жобаға қолдау көрсетті.

2023 жылы кәсіпкерлерді қаржылай қолдау аясында ЕҚДБ бюджетінен шағын және орта бизнес өкілдеріне 10,5 млрд теңге бөлініп, 2 500-ге жуық жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр.

  • 18.08.2023
  • 165
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика