• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Биыл Атырауда 10 мың гектар алқапқа егін егілмек

Биыл Атырауда 10 мың гектар алқапқа егін егілмек

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Салауат Өтеғұлов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осы жылы облыс бойынша көктемгі егістіктің жалпы көлемі 10 315 гектарды құрайды деп болжануда. Оның ішінде, 2 939 гектарға көкөністер, 2 003 гектарға картоп, 1 338 гектарға бақша,
4 035 гектарға мал азықтық дақылдары егіледі деп күтілуде.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 170 трактор, 90 ауыл шаруашылығы машиналары мен су насостары және 340 ауыл шаруашылығы құрылымдары бар.

- Облыстағы 91 ауыл шаруашылығы құрылымдарының сұраныстары бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті 800 тонна жеңілдетілген бағадағы дизель отыны бөлінді. Дизель отынын тасымалдайтын операторларды айқындау бойынша конкурстық комиссия құрылды. Дизель отынын бөлу кестесіне сәйкес аталған жанар жағар май сәуір айының 20-нан бастап берілетін болады,- деді С.Өтеғұлов.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы құрылымдарымен – 1 507 тонна минералдық тыңайтқыштар сатып алынады деп болжануда. Күні бүгінге 360 тонна тыңайтқыштар сатып алынды. Қалған 1147 тонна тыңайтқыштарға келісім шарт жасақталып, төлемдерін аудару жұмыстары жүргізілуде. Осы жылға тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 75,1 млн. теңге, пестицидтердің құнын субсидиялауға 5,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 19,9 млн. теңге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу қызметі шығындары құнын субсидиялау – 345,6 млн. теңге жіргілікті бюджеттен бөлінді.
Егістікке су жеткізу бағытында жұмыс жасайтын аумақтағы  «Қазсушар» РМК теңгеріміндегі 14 суару-суландыру жүйелері, тиісті су пайдалану рұқсаттарын алып, іске қосылған.

Айта кетейік, облыс бойынша науқандық егістік жұмыстарға жетіспейтін еңбек күшін шет елдерден, оның ішінде Өзбекстаннан тартуға 800 адамға квота бөлінген болатын. Күні бүгінге шет елдік 562 азамат облыс шаруашылықтарында жұмыс жасауға кіргізілді.

  • 18.08.2023
  • 151
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика