• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2025 жылға дейін Атырау облысында 30-ға жуық заманауи жаңа типтік жобадағы медициналық нысан салынады

2025 жылға дейін Атырау облысында 30-ға жуық заманауи жаңа типтік жобадағы медициналық нысан салынады

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен Денсаулық сақтау басқармасының ағымдағы жылдағы 1 тоқсан қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Күн тәртібінде ситуациялық орталықтың 1 тоқсандағы атқарылған жұмыстар қорытындысы, ана мен бала денсаулығын қорғау, қан айналымы жүйесінің аурулары, хирургия, онкология, туберкулез, жұқпалы аурулар қызметі бойынша, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалдың жұмысы сонымен қатар, облыстағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы сөз етілді.

- Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсан қорытындысы бойынша 2022 жылдың 1-ші тоқсанымен салыстырғанда туу көрсеткіші 1,6% жоғарылап, ал жалпы өлім-жітім 36,4%-ға, нәресте өлімі 21,5%-ға, туберкулезден болатын өлім-жітім 25%-ға, жүрек-қан тамырлары ауруларынан өлім-жітім 10,9%-ға, қатерлі ісіктерден өлім-жітім 8,8%-ға, төмендеді. Медицина саласының сапасын арттыру мақсатында Кешенді жоспар және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жоба аясында 2025 жылға дейін облыс бойынша 30-ға жуық заманауи жаңа типтік жобадағы медициналық нысандар салу іске асырылуда,- деді Қ.Абдалиев.

Сонымен қатар, облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрғабыл Айтмұханбетовте өңірдегі балалар денсаулығы мен емдеу бағытындағы көрсеткіштерді атап өтті.

- Өткен жылмен салыстырғанда 181 науқасқа артық емдеп, көрсеткіш 9 пайызға өсіп отыр. Бұл айналып келгенде дәрігерлердің жұмысы бір жүйеге қойылып, қызмет сапасы артып отыр деген сөз. Сондай-ақ бұл сауықтыру жұмысының да алға қойылғандығының белгісі,-деді Н.Айтмұханбетов.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев көрсеткіштердің кейбір төмен бағыттары бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма беріп, жұмысты дұрыс жолға қою үшін міндеттер жүктеді.

- Адам денсаулығы басты орында. Сондықтан дәрігерлердің қателесуіне немесе жұмысты әлсіретуге мүлде болмайды. Ал сіздердің жұмыстарыңыз осы көрсеткіштер арқылы сараланып отырады,-деді Ж.Бисембиев.

  • 18.08.2023
  • 160
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика