• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Аймақ басшысы кәсіпкерлермен кездесті

«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, бизнесті қолдау мен қорғау бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға елдегі карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмысын жүргізіп жатқан кәсіпкерлік субъектілердің басшылары қатысты.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов алдымен шағын көрмеге қойылған көлік доңғалақтарын қайта өңдейтін «New Eco City» ЖШС, жылына 40 млн медициналық маска шығаратын «Доктор Хаус» ЖШС, жылына 10 мың тонна жуу құралдарын өндіретін “MАGICan” ЖШС, жылына 20 тонна антисептик өнімдерін шығаратын «SARI Suppliers» ЖШС, жылына 600 мың кг сүт өнімдерін өндіретін «Өз сүт» ЖШС өнімдері мен тауарларын көрді.

Одан кейін бизнес саласы өкілдерімен емен-жарқын сұхбат құрып, сұрақтарына жауап берді. Облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетов шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға әрқашан басымдық берілетінін айтты.

«ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, «Бизнеске арналған үкімет» жобасы жүзеге асырылды, яғни бүгінгі күні кәсіпкерлерге бір ғимарат ішінен бірнеше қызмет түрлерін көрсету, бизнеске қатысты ақпараттық-түсінік, кеңес беру мүмкіндігіне қол жеткізілді. Жыл сайын облыста жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны артуда, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,8%-ға өсті. Осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 127,2 мың адамды құрады»,- деді Махамбет Досмұхамбетов.

Мемлекеттік бағдарламалар және қабылданып жатырған шаралар кәсіпкерліктің дамуына оң серпін беруде. Биыл осындай мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлерді қолдауға 4,9 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлініп, оған 5 мыңға жуық кәсіпкерлік субьектісі қолдау алды. Нәтижесінде 3371 жұмыс орыны сақталып, жаңадан 680 жұмыс орыны құрылатын болады.

Экономиканы тұрақтандыру және бизнесті қолдау үшін салықтық ынталандыру мақсатында өңірде алдын-ала жүргізілген талдау нәтижесінде жекелеген санаттар бойынша 20 833 кәсіпкерлік субъектілеріне 5,8 млрд. теңге көлемінде салықтық жеңілдіктер қарастырылды.

Кездесуде кәсіпкерлік тарапынан атқарылар жоспарлар мен бірқатар келелі мәселелер талқыға салынды.

Айта кетуіміз керек, жыл басынан бері мемлекеттік органдар мен қаржы институттары өкілдерінің қатысуымен облысымыздың барлық аудандарының селолық округтерін қамтумен 300-ге жуық қатысушысы бар 7 кездесу өткізілген.

  • 25.12.2020
  • 284
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика