• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Мәдениет және спорт министрі Махамбет, Индер аудандарындағы әлеуметтік нысандарды аралады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Махамбет, Индер аудандарындағы әлеуметтік нысандарды аралады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өңірге жұмыс сапары аясында Махамбет ауданына барды. Алдымен екі қабатты «Өнерпаз» аудандық мәдениет үйінің жұмысымен танысты. Мұнда Батыс Қазақстан облыстық Қадір Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Дала дидары» көшпелі концертіне қатысты.

- Қазақтың Қадірінің мұрасын өшірмей, көпке насихаттап жүрген орталыққа алғысым шексіз. Өлмейтін мұраны жандандырып, көшпелі концерт қойып жүрген еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Атырау облысына жұмыс сапарымда мәдениет, спорт нысандарын аралап жүрмін. Біз мұндай нысандарды облыс орталығына емес, ауылдық жерде көптеп салуымыз керек. Бүгінгі кешке лық толы көрермен жиналыпты. Қарасы бұдан көп болады деп ойлаймын. Сондықтан ауданда халық санының өсуіне байланысты мәдениет үйін кеңейту қажет. Мен бұл мекемеге жаңадан техникалық жабдықтар сатып алып беруге және 400 орындық мәдениет үйін салуға шешім қабылдадым,-деді А.Оралов.

Кейін 1000 орындық Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барды. Нысан 2003 жылы салынып, 2017-2018 жылдары күрделі жөндеуден өткен. Бүгінде бокс, волейбол, футбол, баскетбол, жеңіл атлетика, қазақ күресі, тоғыз құмалақ, дзюдо үйірмелеріне 720 оқушы қатысады. Мұнда жұмыс істейтін 23 қызметкер болса, оның 9-ы - жаттықтырушы.

Содан соң ҚР Мәдениет және спорт министрі Индер ауданына барды. Алдымен «Индер-Мәдениет» аудандық мәдениет үйінің жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті. Жалпы ғимарат 2016 жылы салынған. Сыйымдылығы - 400 орындық. Мұнда 86 адам жұмыс істейді, оның 55-і мәдениет қызметкері, 29-ы оркестр маманы, 31-і техникалық қызметкер. Сондай-ақ домбыра және би үйірмесі бар. Оған қоса, Р.Ғабдиев атындағы халықтық ұлт аспаптар оркестрі, «Ару - Ана» халықтық әжелер ансамблі, «Ақжайық» халық театры, «Ақжайық» халықтық вокальды аспаптар ансамблі, «Асем-ай» үлгілі би ансамблі, «Бойтұмар» би ансамблі, «Бекзат» би ансамблі, «Атамұра» ағалар ансамблі және «Қарлығаш» үлгілі балалар хоры құрылған.

Кейін Индер аудандық жастар ресурстық орталығы ғимаратына барды. Нысан 1969 жылы пайдалануға берілген. 2019 жылы күрделі жөндеуден өтті. Мұнда 5 маман жұмыс істейді. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында үстел теннисі, бильярд тақтасы қойылған. Оған қоса, «Inderbor Cinema» кинотеатры 3 сеанспен көрермендерін қабылдап жатыр. Билеттерді «Tiketon.kz» сайтынан онлайн сатып алуға мүмкіндіктер қарастырылған. Билет құны балаларға - 500, студенттерге - 600-800, ересектерге - 1200-1800 теңге. Кинотеатр 130 көрерменге арналған.

Асхат Оралов аймаққа жұмыс сапары аясында Индер ауданы Қарой жеріндегі Махамбет Өтемісұлының мазарына барып, батырдың әруағына құран бағыштады.

  • 18.08.2023
  • 159
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика