• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«БолашақК» қоғамдық қорының меценатына Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты табысталды

«БолашақК» қоғамдық қорының меценатына Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты табысталды

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев меценат Эндрю Джон Арчибальдты қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен Жасұлан Бисембиев өзге елден келіп, елімізде ерекше көмекті қажет ететін балаларға жасырын түрде қолғабыс етіп жүрген Эндрю Джон Арчибальдқа ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта қажеттілік туындаса, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Кейін Жасұлан Бисембиев облыс әкімі Серік Шәпкеновтің Алғыс хатын табыс етті.

- Қоғам өміріне бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытып, қайырымдылық пен адамгершілікті биік ұстап, жақсы істе ынталы жандардың қатарынан көрініп, жақсылық жасау жолында мейірімділік үлгісін көрсеткен игі істеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сізге және өзіңіз басқарып отырған ұжымға еңбек жолында толағай табыс, деніңізге саулық, қажымас қайрат, отбасыңызға амандық тілеймін, - делінген Алғыс хатта.

Өз кезегінде Эндрю Джон Арчибальт еңбегін ескерусіз қалдырмаған аймақ басшысы Серік Шәпкеновке, оның орынбасары Жасұлан Бисембиевке алғысын білдірді. Сондай-ақ, көрсетіп жүрген қайырымдылық істері мұнымен шектелмейтінін айтты.

Эндрю Джон Арчибальт 2014 жылдан бері «БолашақК» қоғамдық қорының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы жобасына тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар, аталған орталықтың ғимаратының ашылуына өз үлесін қосуда.

Сол қайырымдылық көмектің арқасында ерекше қажеттіліктері бар балалар мен инсульттен кейін науқастарға сапалы медициналық оңалтуға көмек көрсетіліп, мыңдаған бала дертінен айығып, қоғамға бейімделді. Сонымен қатар, меценат алып берген оттегі құрылғылары пандемия кезінде және ковидке шалдыққан науқастарды оңалту үшін үлкен септігін тигізді.

«БолашақК» қоғамдық қоры 2000 жылдан бері Атырау облысының әлеуметтік саласына, соның ішінде халықтың денсаулығын жақсарту ісіне үлес қосып келеді. Қор жанында реабилитациялық орталық жұмыс істейді. 23 жылда 430 560 науқас балаға көмек көрсетілді.

  • 18.08.2023
  • 188
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика