• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Атырау облысында мыстан электритті сым өндіру зауытын салу мәселесі талқыланды

Атырау облысында мыстан электритті сым өндіру зауытын салу мәселесі талқыланды

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов мыстан жылына 200 мың тонна электритті сым өндіретін түркиялық «Er-Bakir» ірі өндіріс компаниясының өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен аймақ басшысы бауырлас елмен көп жылдан бергі байланыстың табысты болғанын атап өтті. Кейін Атырау өңірі өндіріске, логистика саласына қолайлы, инвестициялық жобаларға үлкен мүмкіндік беретін аймақ екенін айтты.

Жиында «Er-Bakir» компаниясының директоры Маджит Ташкын Атырау облысында мыстан электритті сым өндіру жобасын іске асыруға ниетті екенін жеткізді.

- Біз соңғы үш айда Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі арқылы Қазақстан экономикасына инвестиция салу туралы шешім қабылдадық. Соңғы алты жылда АҚШ экономикасына инвестиция салдық. Сондықтан шетелде тәжірибеміз жеткілікті. Біз Жезқазғаннан жылына 20 мың тонна мыс экспорттаймыз. Алайда ол тиімсіз болған соң, логистикасы қолайлы аймақтарды іздеп жүрміз. Атырау облысы бұл жағынан тиімді. Сондықтан сіздің тараптан инфрақұрылым толық жүргізілген үш гектар жер бөлуді, оны теміржол бойына жақын маңнан беруіңізді сұраймын,- деді М.Ташкын.

Серік Шәпкенов облыста инвестицияға қолайлы орта қалыптасқанын жеткізді. Сондай-ақ шетелдік инвесторлармен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік көп екенін айтты.

- Сіздер таңдаған аймақ екі жаққа да қолайлы болуы керек. Ресей, Әзербайжан, Түркияға мыс тасымалдауда біздің өңірдің көлік логистикасы сай келеді. Соған ыңғайлы деген аймақтарды белгілеп береміз. Электр жарығы үздіксіз болуы үшін генератор қоюға да рұқсат. Жер мен газ мәселесін шешіп береміз. Зауыт салу үшін үш гектар жер бөлінсе, жанынан тұтынушылар үшін қосымша үш гектар орынды қарастыру керек. Мен сіздің бұл жобаңызды қолдаймын, - деді С.Шәпкенов.

Атырау облысының Түркия Республикасымен сыртқы сауда айналымы 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында 528,5 млн АҚШ долларын құрағанын айтып кету керек. Оның ішінде экспорт - 519,6 млн.АҚШ доллар, импорт - 8,9 млн. АҚШ доллар.

  • 18.08.2023
  • 199
Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика