- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Қала күні
Баршаңызды Қостанай қаласының 144-жылдығымен құттықтаймын.
Кең байтақ, астық өлкесі төрінен орын алған, Тобыл-Торғайдың бас шаһары, тарлан азаматтарды түлеткен қасиетті мекен, ұлт зиялыларының ізі қалған жер.
Тарихын тарқатсақ тамыры тереңге кететін Қостанайдың, бүгінде әлеуеті артып, экономикасы өрістеген, мәдени, рухани байлығы кемелденіп, келбеті көркеюде.
Бұл сіздердің ұрпақтан ұрпаққа тараған үлгі өнеге мен жасампаз еңбектеріңіздің нәтижесі. Қаламыздың дамуына барынша үлес қосып жүрген азаматтарға алғысымды білдіремін.
Әр шаңыраққа шаттық, береке-бірлік орнасын!
Еліміз тыныш болсын!
- 21.08.2023
- 142