• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысының әкімі Баянауыл ауданында жұмыс сапарымен болды.

Аймақ басшысы ең алдымен аудандық маңызы бар "Баянауыл-Угольное" автожолын жөндеу барысын тексерді. Бұрын бұл жол апатты жағдайда болған әрі оған ондаған жылдар бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Мұнда барлығы 43 шақырым жолды жөндеу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 33,5 км асфальт бетон жабыны төселген. Жұмыстарды тамыз айының соңына дейін толық аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, өңір басшысы Лекер ауылында су құбырының құрылысына барды, оны биыл қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта су желісін тарту, үйлерге жеткізу, жабдықты орнату жұмыстары жүргізілуде. Ақсан ауылында "Ауыл – ел бесігі" жобасының іске асырылу барысын тексергеннен кейін облыс әкімі көше жарығын орнату кезіндегі оң динамиканы атап өтті. Мектепті күрделі жөндеу жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Асайын Байханов мердігерге жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуді және барлық негізгі жұмыстарды осы жылдың 20 тамызына дейінгі мерзімде жүргізуді тапсырды, осылайша балалар оқу жылын жаңартылған кабинеттерде бастай алады. Бұл ретте тағы екі нысандағы жұмыстар сынға алынды. Олар: кентішілік жолдар мен Мәдениет үйі ғимаратын жөндеу. Өңір басшысы мердігерлерге барлық ескертулерді жоюды және өз міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Қаражар ауылында әкім жаңа мектеп құрылысының барысын тексерді. Апаттық мектептің орнына мұнда спорт залы, шағын орталық, асхана және жуынатын бөлмелері бар кең екі қабатты ғимарат салынуда. Қазір жалпы құрылыс жұмыстары 85 %-ға орындалып, мердігер шатырды жабуға кірісуде, одан кейін іргелес аумақты безендіру және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Инвестор оқу жылының екінші тоқсанының басына дейін құрылысты толығымен аяқтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Асайын Байханов Баянауыл ауылындағы шаңғы-роллер трассасының жобасымен танысты. Жоба бойынша жасыл желектерге зиян келтірместен спортшылар үшін 2,5 км трасса салу көзделіп отыр. Жоба іске асырылған жағдайда жаңа нысан спортшылар мен қысқы спорт түрлерінің әуесқойларының сүйікті орнына айналады, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары ашылады және Баянауылдағы қысқы туризмге серпін береді. Облыс әкімі жобаны ауданның жергілікті тұрғындарымен және кәсіпкерлерімен міндетті түрде талқылауды тапсырды.

 

  • 25.08.2023
  • 196
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика