• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Асайын Байханов шаруа қожалықтардың басшыларымен қуаңшылық жағдайында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, жемшөп дайындаудағы тәуекелдер және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады

- Өздеріңізге белгілі, биылғы жылы жайылма алқаптарына судың аз көлемде жіберілуіне, жаңбырдың болмауына және аптап ыстыққа байланысты бірқатар қиындықтар туындады. Соның нәтижесінде жемшөп дайындау бойынша тәуекелдер бар, біз мәселені үнсіз қалдырмаймыз және бүгін осы мәселелерді шешу жолдарын ашық талқылауға дайынбыз, - деп атап өтті өңір басшысы. Қазіргі уақытта облыста 327 мың га жер шабылды. Өңірдегі орташа өнімділік өткен жылғы көрсеткіштерден төмен. Бұл жағдайда шөптің төмен өнімділігі Аққулы мен Май аудандарында байқалады. Жиналыста тараптар ауа-райының қолайсыздығына, шабындық алқаптардың жетіспеушілігіне, су арналарының толуына байланысты шектеулі мүмкіндіктерді және қашықтығын ескере отырып әр ауданда жемшөп дайындаудың ықтимал жолдарын қарастырды. Жемшөп өндірісіне байланысты дағдарыс жағдайды болдырмау үшін бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінді, қосымша тағы 1 млрд. теңге бөлу жоспарлануда, ірі-қара малдың 1 басына жем құнының нормативі 7 мың теңгеден 15 мың теңгеге дейін және ұсақ мал үшін 3 мың теңгеден 5 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, дизель отынының да жағдайы талқыланды. Мұнда арзандатылған дизель отынының көлемін 4 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды, құны литріне 245 теңгені құрайды, 2 оператор анықталды («LF TRADE» ЖШС, «ТК Парнас» ЖШС). Сондай-ақ, фермерлер суармалы егіншілікті одан әрі дамыту, әр түрлі бағыттар бойынша субсидиялауды ұлғайту, мал шаруашылығы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды кеңейту мәселелерін көтерді, сондай-ақ, бейінді министрліктердің, қаржы институттарының және т. б. өкілдерін шақыра отырып, осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізу ұсыныстарын білдірді. Мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша өңір басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне және ауыл шаруашылығы басқармасына 30 қазанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдарын уақтылы жинауды қамтамасыз етуді, ал, жер қойнауын пайдалану басқармасына, сондай-ақ, Май және Баянауыл аудандарының әкімдіктеріне лиманды суару жүйесін қалпына келтіру бойынша жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

  • 25.08.2023
  • 158
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика