• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласында жүзеге асырылып жатқан бірнеше жобаның жұмыс барысын тексерді

Аймақ басшысы жеке сектордағы үйлер үшін орталықтандырылған кәріз желілерінің құрылысы жүргізіліп жатқан Каз.Правда және Ладожская көшелерінің шекараларындағы «Саяжай» шағын ауданына барып қайтты. Қазіргі уақытта Тульская-Азовская көшелері ауданында өздігінен ағатын кәріз желісін монтаждау жүргізілуде. Одан кейін қысым коллекторын төсеу және монтаждау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Барлық жұмыстар жоба бойынша қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы тиіс. - Жеке сектор тұрғындары септиктерді тазарту үшін ассенизатор көліктерін шақыртуға отбасылық бюджеттен аз қаражат жұмсамайды. Бұл, әсіресе, зейнеткерлер мен аз қамтылған азаматтардың қалтасын қағады. Біз тұрғындарымызға қолайлы жағдай жасай отырып, қаланың инфрақұрылымын жақсартуымыз қажет. Орталықтандырылған су бұру жүйесі барлық жеке секторда болуы керек. Мұндай жобалар өткен жылы қаланың бірнеше шағын аудандарында басталды және олар сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс, - деп атап өтті облыс әкімі. Келесі нысан облыс орталығындағы Теміржол вокзалы болды. Аталмыш нысанға күрделі жөндеу жұмыстары соңғы рет 2004-2005 жылдары жүргізілген. Осы жылдың ақпан айында Асайын Байханов Теміржол вокзалын қайта жаңартудың жобалық шешімдерін пысықтауды, функционалдық аймақтардың бөлінуін анықтауды және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастауды тапсырған болатын. Теміржол вокзалын қайта жаңарту бойынша жұмыстар аймақтағы қала құраушы компаниялардың бірі - KAZ Minerals Boshakol есебінен жүргізіледі. Кассалық бөлімшені және күту аймағын жаңарту, фуд-корт аймағын жайластыру, аспалы төбені, еденді ауыстыру жоспарналуда. Жылу және сумен жабдықтау, кәріз, электр жарығы жүйелері толығымен жаңартылады. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары ғимараттың екінші қабатында басталды. Жұмыстарды желтоқсан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, облыс әкімі «Зеленая роща» шаңғы базасының аумағындағы әкімшілік ғимарат құрылысының барысымен танысты. Бұған дейін Асайын Байханов қысқы кезеңде спортшылардың жаттығуларына қолайлы жағдай жасауды, балалардың киім ауыстыратын және ата-аналар үшін күту орындарын және т. б. жабдықтауды тапсырған болатын. Бүгінгі таңда мұнда құрылыс алаңын дайындау, іргетас құю жұмыстары басталды, содан кейін сэндвич панельдерінен құрылымды тұрғызу және аумақты абаттандыру жоспарлануда. «Екінші Павлодар» шағын ауданында орналасқан бұрынғы теміржол колледжін қайта жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар облыс әкімінің көңілінен шықпады. Бұл қараусыз қалған ғимараттың орнында балаларға арналған Арт-орталық ашылуы тиіс. Аталмыш ғимаратты қайта жаңарту туралы келісім-шарт наурыз айында жасалғанына қарамастан, 6 айға жуық уақыт ішінде нысанда азғантай ғана жұмыс көлемі орындалған. Мердігер бекітілген кестеден едәуір артта қалуда. Асайын Байханов қалған жұмыстарды орындаудың объективті мерзімдерін талдауды және 23 тамызға дейін осы жобаны іске асырудың түзетілген жоспарын ұсынуды тапсырды, содан кейін ол бойынша одан әрі шешімдер қабылданатын болады

  • 25.08.2023
  • 198
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика