• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Асайын Байханов Павлодар облысының педагогикалық қызметкерлер алқасына қатысып, өңір ұстаздарының қажырлы еңбектері мен жоғары нәтижелерін атап өтті

- Павлодарлық педагогтар - республикада үздіктер қатарында. Соңғы үш жылда біздің облыс өңірлік білім беру жүйелерінің тиімділігі бойынша елімізде 1-орынды иеленді. Өңірдің мектеп қоржынында халықаралық және республикалық олимпиадалардың 280-нен астам медалі бар, - деп өтті өңір басшысы. Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі елімізде жетекші болып танылды. Осы бағыт бойынша аймағымыз республикалық тамыз конференциясының базасы ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ. Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар білім беру саласын дамыту үшін барынша жағдай жасауда. Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған бюджет көлемі 3 есе ұлғайды. Мектептерді жабдықталған санитарлық тораптармен және ауыз су көздерімен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілді. Биыл балаларды тасымалдау үшін 46 мектеп автобусы сатып алынды. Үш жыл ішінде 165 мектеп жаңғыртылды. Сондай-ақ, алқа отырысында 1 қыркүйектен бастап республикалық «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» енгізу талқыланды. Облыс әкімі бүгінгі жағдайды ескере отырып, тәрбие жұмысының өңірлік тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. - Ол тиімді болуы қажет және мектепке дейінгі жастан бастап білім берудің барлық сатыларын қамтуы тиіс, - деді өңір басшысы. Облыс әкімі мемлекеттік тілдің қажеттілігін ескере отырып, ең үздік әдістемелер мен озық тәжірибелерді қолданып, балаларды қазақ тіліне оқыту сапасын арттыру бойынша жұмыстарды күшейту міндетін қойды. Шағын жинақталған мектептерді кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Осыған байланысты, Асайын Байханов «Ауыл ұстазы» грантын беру бағдарламасын іске қосуды ұсынды. Талқыланған тақырыптардың бірі соңғы 3 жылда қалалар мен аудандар әкімдіктерімен бөлінбеген әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп түлектерінің гранттар алуы болды. Асайын Байханов қалалар мен аудандар әкімдіктеріне білім беру гранттарын бөлуді қайта бастауды тапсырды. Асайын Байханов балалардың қауіпсіздігіне және жасөспірімдер қылмысының алдын алуға жеке тоқталды. - Осыған байланысты буллингтың алдын алу бойынша бірыңғай жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Бүгінгі таңда бізбен бірге болуға және біздің барлық бастамаларымызды қолдауға дайын сарапшылар мен ата-аналар қауымдастығын тартыңыздар. Білім беру басқармасына ата-аналар Альянсын құруды және оның Алғашқы өңірлік форумын ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде, Отбасы күнінде өткізуді тапсырамын. Облыс әкімі педагогтерге мамандықтарына деген адалдықтары, балаларға деген сүйіспеншіліктері мен назары, жаңашылдықтары мен тынымсыз ізденістері үшін алғысын білдірді. - Баршаңызға еңбекте жаңа жеңістер, қуаныш, шабыт және денсаулық тілеймін! Естеріңізде болсын: аймақ басшылығы сіздермен бірге! Тек алға!, - деп аймақ басшысы құттықтады. Конференция соңында Асайын Байханов білім саласының үздік қызметкерлерін облыс әкімінің және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттады.

  • 25.08.2023
  • 195
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика