- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Конференция
Бүгін тамыз кеңесі аясында білім беру қызметкерлері инклюзивті және арнайы білім беру мәселесін талқыладық. Біздің облыста ерекше қажеттіліктері бар балалар саны артып келеді, соған сай біз балаларға кешенді көмек көрсетуіміз қажет. Іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен “Қазақстан халқына” Қорының қолдауының арқасында облыстың 4 арнаулы мектебі қажетті жабдықтарды алды, ауылдық мектептерде 20 робототехника кабинеті ашылды. Тағы 4 мектепті жаңғырту жоспарлануда. Жалпы, ағымдағы жылы қаржыландыру 178,5 млрд теңгені құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18% артық (2022 жылы-151,8 млрд теңге). Білім беру саласын дамытып, барлық балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету бағытындағы жұмысымызды күшейтетін боламыз.
- 25.08.2023
- 160