• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
39 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттады

Облыста 456 орта мектепте қоңырау соғылып, 340 мыңнан  аса оқушы жаңа оқу жылын бастады.  39 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттады. 

Үш ауысымды және оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында 2022 жылы облыста 710 орындық 4 мектеп салынып, қолданысқа берілсе, 2023 жылы 16 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 9-ы 1-қыркүйекке пайдалануға берілді.

1 қыркүйек – Білім күнінде Іле ауданы, Боралдай ауылында №54 орта мектептің ашылу салтанаты өтті. Осы уақытқа дейін үш ауысымда 2177 баламен 97 жиынтық сыныппен оқытылған  №17 орта мектеп, 1500 орындық жаңа мектеппен толықтырылып, үшауысымда оқыту мәселесі шешілді.

Бүгінгі таңда аталған мектепке 1200 оқушы қабылданып,  52 сынып ашылды. Мектеп құрылысын «BI Global» ЖШС мердігері жүзеге асырды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары  Нұрлан Әбдірахым мектептің ашылу салтанатына қатысып,  аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

Бүгінгі таңда бұл мектепке 1200 оқушы қабылданып, 52 сынып ашылды. Мектеп құрылысын "BI Global" ЖШС мердігері жүзеге асырды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым мектептің ашылу салтанатына қатысып, аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

- «Облыста алдағы уақытта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 53 мектеп салу жоспарланған. Негізгі проблема болып табылатын үш ауысымды және оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында 16 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 9-ы бүгін пайдалануға берілді. Өз тарапымыздан біз балаларымыздың жайлы жағдайда білім алуы үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз», - деп атап өтті Нұрлан Әбдірахым.

Бүгінгі күні Іле ауданында тағы 2 мектеп - Междуреченск ауылында 24 сынып-жинағы бар 1500 орындық №55 орта мектеп, сондай-ақ Көкқайнар ауылында 80 сынып-жинағы бар 1500 орындық №53 орта мектеп оқушыларға есігін ашты.

Аталған мектептердің оқыту тілі қазақша және екі ауысымда жұмыс істейді. Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында 1500 орындық №1 мектеп-лицейі ашылды.

Қарасай ауданы Қаскелең қаласында 1500 орындық мектеп-гимназиясы мен Қарасай ауданының Алмалыбақ және Іргелі орта мектептеріне қосымша 600 орындық жапсаржайлар мен Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында 1500,  Қонаев қаласында 900 орындық орта мектептер пайдалануға берілді.

Қалған 5 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады  деп күтілуде, 2 мектептің құрылысы 2024 жылға ауыспалы.
Облыста алдағы уақытта «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 54600 орындық 53 мектеп салу жоспарланған.

 2023 жылы 24900 орындық 26 мектептің құрылысы басталды, ал 2024  жылы  29700 орындық 27 мектеп құрылысы салынады.

Үш ауысымда оқыту мен оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында жеке инвесторларды тарту арқылы 7550 орындық   7 мектеп құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 2250 орындық 3 мектеп 1 қыркүйекте пайдалануға беріледі және бұл мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыру әдісімен мемлекеттік тапсырыс орналастырылады.

 Сонымен қатар, 2022 жылы 18 орта мектептің күрделі  жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған жергілікті бюджеттен  8.7 млрд. теңге қаражат жұмсалса, 2023 жылы 12 білім нысанының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған 12,1 млрд. теңге қаражат бөлінді.

        Болашақта білім саласында туындайтын келелі мәселелердің шешімін табу мақсатында жан-жақты жұмыстар атқарылатын болады.

  • 01.09.2023
  • 211
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика