- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Халықпен кездесу
Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығын орындау шеңберінде
ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде Қостанай облысының әкімі Қ. и. Ақсақалов Науырзым ауданының тұрғындарымен кездесті.
Мемлекет басшысы Жолдауында жол саласына ерекше мән берді.
Биылғы жылы сала бюджеті 55,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 30% - ға артық.
Осы қаражатқа биыл 94 елді мекенде 700 шақырым автожол мен 299 көше жөнделеді. Бүгінгі таңда 352 шақырым жол салынды.
Науырзым ауданының автожол саласына ағымдағы жылы 379,0 млн. теңге бөлінді, бұл өткен жылдан 45% - ға артық.
Науырзым ауданының облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту мақсатында биыл "Қараменді-Раздольное-Аралкөл" автомобиль жолының учаскесіне ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 85% - дан 87% - ға дейін жеткізу жоспарлануда.
- 05.09.2023
- 108