• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Атырау облысының әкімдігі мен ҚР ПІБ Медициналық орталығы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Атырау облысының әкімдігі мен ҚР ПІБ Медициналық орталығы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Бүгін, 26 мамыр күні ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой және Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жасалған келісім – өңір тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту қызметтерін алуға, қажет болған жағдайда ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Медициналық орталықтың бұл бастамасы мен Меморандум алдағы уақытта өңірдегі медицина саласының дамуына айтарлықтай ықпал ететінін баяндады.  

- Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың денсаулығы, өмір жасының ұзақтағы бірінші кезектегі мәселе екенін айтты. Өңірімізге бір сөзбен айтқанда, ғасырлық тарихы бар медициналық орталық келіп отыр. Бұл - әлемдегі барлық озық технологияны игеріп, оны елімізде іске асырып отырған орталық. Атырау халқы орталыққа барып ем іздеп шарлап жүрмеуі керек. Өңірімізде де сондай сападағы медицина тұрғындарға қолжетімді болуы керек. Міне осы мақсатта орталық мамандары облысымыздың дәрігерлеріне білімімен, жиған тәжірибесімен бөлісуде. Осы сәтті дұрыс пайдалана білуіміз керек. Бүгінгі меморандум аясында сол бағыттарда бірлесе жұмыс істейміз, - деді С.Шәпкенов.

Алдағы уақытта ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой өңір тұрғындарына практикалық медициналық көмек көрсетуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев денсаулық сақтауды дамытуда басты бағыттарды айқындады. Бұл әрбір қазақстандық үшін озық технологиялар мен әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі. Осы тұста 35-тен астам ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының мамандары Атырау облысына сапары аясында тұрғындарға кеңес беріп, 26 ота жасады. Меморандум аясында бұл жұмыстар жалғасын тауып, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетілетін болады, - деді А.Цой.

Айта кетейік, 23-26 мамыр күндері ҚР ПІБ Медициналық орталықтың 35 жетекші маманы «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері» аясында Атырау облысының тұрғындарына практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетті.

  • 05.09.2023
  • 143
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика