- Блогтар
- Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.
Атырау облысының әкімі
Атырау облысында өсірілетін балықтың көлемі 7 мың тоннаға дейін жетеді
2025 жылға дейін қолдан өсірілетін балықтың көлемі 7 мың тоннаға дейін жетеді. Ал былтыр кәсіпорындар 200 тоннадай балық өсірген. Бұдан бөлек Жайық-Каспий бассейнінен 14 323 балық ауланды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Сондай-ақ 2025 жылға дейін терең өңделетін балық көлемі 8 мың тоннаға дейін өседі, деп жоспарланған.
- Балық өңдеу және одан дайын өнім шығару – Атырау экономикасында маңызды рөл атқаратын сала. 2025 жылға дейін балық өсіретін 8 кәсіпорын және 1 балық өңдеу цехын ашу жоспарланып отыр. Нәтижесінде тауарлы балық өсіру 7 мың тоннаға дейін артып, 300 тұрақты жұмыс орны ашылады,- деді С.Шәпкенов.
- 05.09.2023
- 91