- Блогтар
- Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.
Атырау облысының әкімі
Атырау-Астрахань тас жолы бойынша қозғалыс ағымдағы жылдың соңында дейін ашылады
Бұл туралы Атырау облыс әкімі С.Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Биыл облыстың көлік инфрақұрылымын дамытуға 55,2 млрд теңге бөлініп, 41 елдімекенде 172 шақырым автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланған.
- Қазір біздің алдымызда тұрған ең үлкен міндет – ол республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахань» күре жолын жөндеу жұмыстарын аяқтау. Жалпы ұзындығы 277 шақырым болатын «Атырау-Астрахан» учаскесінің бүгінгі күні 170 шақырымы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалған 107 шақырымы көлік қозғалысы үшін ашылады, деп жоспарланып отыр. Жалпы жобаны 2024 жылы толықтай аяқтаймыз, деп отырмыз, - деді С.Шәпкенов.
- 05.09.2023
- 110