• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Атырау қаласының тұрғындарымен кездесті

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов Атырау қаласының тұрғындарымен кездесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады.

Алдымен аймақ басшысы Атырау қаласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Мұнда Балықшы ықшам ауданына жол салу мәселесі өзекті.

 

 

- Қаладағы ең басты мәселе - жол. Бүгінде қаладағы ішкі жолдың 10%-ы қанағатсыз жағдайда немесе 50 шақырым жолдың 10 шақырымында асфальт жоқ. Атырау мен Құлсары қаласына ішкі жолдар салу мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Жол жөндеу кезінде алдымен әлеуметтік нысандар орналасқан орталық көшелерге, кейін қалғанына асфальт төсегенімізді өздеріңіз білесіздер. Сол кезде жолдар салынбай қалған көшелер бар. Сондай-ақ орталық көшелерді қалыпқа келтіру, кеңейту жұмыстары басталды. Алдағы уақытта 50 шақырым жолдың құрылысы үшін құжаттама жасалып жатыр. Балықшы ықшам ауданындағы Абай көшесінің бойындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Қожақаев көшесіне асфальт төсеу үшін жасалған жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға өтті. Қорытындысы алынған соң, құрылыс жұмыстары басталады. Бұған қоса, осы көшенің бойындағы екі қабатты апатты үйлер сүріліп, орнына сквер салу туралы қала әкімдігі ұсыныс енгізді,-деді С.Шәпкенов.

Жиында қала тұрғындары жер беру, әлеуметтік көмек алу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ауыз сумен, жұмыспен қамту, байланыс желісінің сапасын арттыру, жолдарды қайта қалпына келтіру сынды әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Серік Шәпкенов кездесуде айтылған барлық мәселе жіті бақылауында болатынын, проблемалар заң аясында шешімін табатынын айтты.

Кейін облыс әкімі 30-дан астам азаматты жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Өтінішін айтып келген тұрғындардың мәселесін сала мамандарымен бірге тыңдап, қажетті кеңес берді.

Анықтама үшін: Атырау қаласында 404 844 адам тұрады. Мұнда 73 мектеп, 23 денсаулық сақтау мекемесі, 15 спорт кешені және өзге де әлеуметтік нысандар бар.

Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Атырау қаласы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.

  • 06.09.2023
  • 112
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика