• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) қазіргі ахуалы және апатты жағдайдан кейін оның жұмысын қалпына келтіру барысымен танысу үшін жұмыс сапарымен Атырауға барды.

Үкіметтік топ хош иісті көмірсутектерді өндіру және мұнайды терең өңдеу кешенін аралап көрді.

Осы жерде зауыттың бас директоры Мұрат Досмұратов МАЭК-тегі апаттан кейін тоқтап қалған Атырау мұнай өңдеу зауытында өндірісті толық қуатына шығару бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ ол қазіргі таңда жеке газ турбиналық электр стансасын салу жобасы әзірленіп жатқанын айтты.

Премьер-Министр Атырау мұнай өңдеу зауыты ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды кәсіпорындардың бірі екенін баса айтты.

«3 шілдеде бүкіл зауыт апатты жағдайда тоқтап қалды. Осыған ұқсас жағдайлар екі жыл бұрын да орын алған. Сол кезде зауытқа өзінің автономды энергия көзі қажет екені түсінікті болды, содан тиісті сабақ алуға болатын еді. Әрине, бұл тек Атырау мұнай өңдеу зауытының міндеті емес, «ҚазМұнайГаз» компаниясы да қажетті жұмыстарды атқаруы керек еді», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы атап өткендей, мұндай стратегиялық нысандарда тіршілікті қамтамасыз етудің автономды энергия көздері міндетті түрде болуы керек.

️Ал Атырау мұнай өңдеу зауытына келсек, Әлихан Смайылов жеке газ турбиналы электр стансасын іске қосу жобасын жүзеге асыруды жеделдетуді талап етті.

«Зауыт - стратегиялық маңызы бар нысан, ол сырттан жеткізілетін электр энергиясына тәуелді болмауы тиіс. Яғни, апатты жағдайда тоқтаған мезетте кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін жеке қосалқы станса іске қосылуы керек. Бұл жобаны 2028 жылға дейін созбай, алдағы 2-3 жылда жүзеге асыру керек. Біз бұл үдерісті жеделдетуіміз керек», — деді Премьер-Министр ҚМГ мен АМӨЗ басшыларына қарата сөйлеген сөзінде.

Төтенше жағдайға қарамастан зауыттан мұнай өнімдерін жөнелту тоқтамаған.

  • 06.09.2023
  • 137
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика