• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Атырау облысына 1500 нысаналы грант бөлінді

Құжаттарды қабылдау 13 шілде басталған. 20 шілде күні кешке аяқталады. Атыраудағы мектеп бітіруші түлектерге педагогика ғылымдары бойынша 283 грант, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика бағыты бойынша 49 грант, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытына 561 грант, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша 607 грант бөлінді. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлім етті.  Нысаналы грант конкурсына қатысатын үміткерлер жалпы грант конкурсына да құжат тапсыра алады. Бірақ нысаналы грант арқылы талапкер төрт қаланы және сол қаладағы барлық жоғары оқу орындарын белгілеуге мүмкіндігі бар.  - Бұл тек қана Атырау облысының түлектеріне бөлінген грант. Алайда ата-аналар бұны «Серпін» бағдарламасымен шатастырып жатады. Осы ретте айтарым, нысаналы грантпен оқу бітірген сол өңірде қалу немесе мамандық бойынша үш жыл жұмыс істеу шарты қойылмайды. Бүгінде талапкерлердің басым бөлігі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен педагогика ғылымдары мамандығын таңдап жатыр. Сондай-ақ құжат тапсыру кезінде бірқатар жеңілдік те қарастырылған. Гранттың 5 пайызы көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған, асыраушысынан айрылған санатқа бөлінді. Өткен жылдан бастап ауыл мектептерінен шыққан түлектерге 35 пайыз квота тағайындалды, - деді Р. Емелбаев.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен ел экономикасына қажетті мамандар даярлау үшін бөлінген нысаналы гранттың жалпы саны – 5000. Оның ішінде Атырау және Маңғыстау облыстарына – 1500, Абай және Түркістан облыстарына – 500, Шымкент қаласына – 400, Ұлытау және Жетісу облыстарына – 300 грант тағайындалды. Анықтама үшін: Атырау облысында 2022-2023 оқу жылында 11 сыныпты 6300-ге жуық оқушы аяқтады. 5300-ге жуығы ҰБТ-ға қатысып, оның 80 пайызы шекті баллды жинап, грант конкурсына қатысуға мүмкіндік алды.  ЖОО-ға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), № 075/у нысанындағы медициналық анықтама және ер жігіттер әскери тіркелу куәлігін тапсыру керек. Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады

  • 06.09.2023
  • 148
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика