• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Шалғай елдімекендердің оқушыларын мектепке тасымалдау үшін қосымша 23 автобус сатып алынады

Шалғай елдімекендердің оқушыларын мектепке тасымалдау үшін қосымша 23 автобус сатып алынады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында облыс әкімі Серік Шәпкенов аймақтағы білім беру ұйымдарының жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындығы туралы баяндама жасады.

Өңір басшысының айтуынша, облыста жаңа оқу жылына 143 мың оқушыны қабылдау жалпарланған. Сонымен қатар биыл білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4 544 527,0 млн теңге бөлінді. Оған қоса жаңа оқу жылында шалғай ауылда тұратын 4 561 оқушыны тасымалдау үшін жаңадан автобустар сатып алынады.

- Өткен жылы облыста оқушыларды 49 автокөлік тегін тасымалдады. Енді жаңа оқу жылында 60 елдімекенде 4 561 оқушыны тасымалдау жоспарланып, қосымша 23 автобус сатып алу үшін 1,1 млрд теңге бөлінді. Көліктер қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Оқулық және оқу-әдістемелік кешендермен қамту үшін 1 676 370,0 мың теңге бөлінді. Оқулықтар 25 тамызға дейін толықтай жеткізіліп, таратылады. Облыстағы түпкілікті шешілген мәселелердің бірі - 1-4 сынып оқушыларын толық, 5-11 сыныптағы әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен қамту. Аталған шара жаңа оқу жылынан бастап жүзеге асырылады. Биыл 21 мектепте интернет жылдамдығын арттыру жоспарланып, 108 332,1 мың теңге бөлінді. Нәтижесінде 20 Мбит/с және одан жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету пайызы 43,3% құрайтын болады, - деді С.Шәпкенов.

Айта кету керек, Атырау облысында модернизациялау жұмыстарына жататын 25 мектептің бүгінгі күні 5-еуі толықтай аяқталды. Қалған 20 мектепте бірнеше бағытта жұмыстар жүруде. Модернизациялау бағытындағы жұмыстар жылдың аяғына дейін іске асырылады.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі жауапты сала басшыларына модернизациялаудан өтіп жатқан мектептердің жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ Атырау қаласы әкіміне 25 тамызға дейін барлық мектепке оқулықтар жеткізу қажеттігін басты назарда ұстауды міндеттеді.

  • 06.09.2023
  • 158
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика