• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Атырауда екі инновациялық Binom School ашылды

Мектептерге Дінмұхамед Қонаев (Сарыарқа шағын ауданында) және әл-Фараби (Нұрсая шағын ауданында) есімдері берілді.

Атырау қаласында BINOM мектептерінің ашылуына байланысты қалалық №2, 3, 16, 17 мектептердегі  оқушы орындарының тапшылығы, үш ауысымда оқу мәселелері шешілді. Мектептер қаланың қарқынды дамып жатқан және халық тығыз орналасқан аудандарында салынды.

Еліміздегі ең үлкен мектептер желісінің қатарына енген заманауи білім ордасының оқу жылына дайындық барысымен облыс әкімі Серік Шәпкенов танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

- Мұғалім - мектептің жүрегі. Қазақстанның қандай қоғам боларын сіздердің істеген еңбектеріңізге қарап айта аламыз. Шәкірттеріңіз бәсекеге қабілетті болса - сіздің еңбектеріңіз. Сонымен қатар ұжымда ұстаздық қызметте алғаш еңбек жолын бастап жатқан жас мамандар да бар екен. Алдағы қызметтеріңізге абырой тілеймін! Әрқашан шәкірттеріңіз мақтанышыңызға айналып, атыңызды оздырсын! Осы мектеп ашылғалы мұнда білім алуға ниеттенгендер қатары көбейді. Білім сапасын көтеру, балаларға толыққанды жағдай жасау үшін тағы да екі Binom мектебін ашу туралы шешім қабылданды. Бұл мектепте барлық мүмкіндік бар. Соған сай мектеп те үздіктердің бірі болуы қажет. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шәкірт тәрбиеленіп, Атыраудың атын халықаралық, республикалық деңгейге танытарыңызға сенемін!-деді С.Шәпкенов.

Аумағы 22 мың шаршы метрді құрайтын мектептерде 94 кабинет, оның ішінде физика, химия, биология бойынша 6 кеңейтілген зертхана және зертханалық бөлмелері бар. 8 информатика кабинеті, 2 спортзал, хореография залы, 48 орындық мультимедиа сыныбы, 50 орындық кинозал, 300 орындық акт залы, ойын бөлмелері, кітапхана, 75 орындық моноблогы бар  «Таным» шығармашылық технологиялар орталығы, асхана және медициналық пункт атыраулық оқушылардың игілігіне қызмет етеді.  

Пішіндер мен материалдармен шығармашылық эксперименттер үшін мектептерде 3D-принтер, металл және ағаш ою шеберханалары, мата өңдеу мен технология шеберханалары, аспаздық шеберханалар, робототехника кабинеті және «Steam» білім беру кабинеті, әр оқушыға арналған жеке локерлер бар.

Мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы оқу ортасы жасалған. Ғимараттар жеделсатымен және пандустармен жабдықталған, ал үстелдер қажетті биіктік бойынша реттеледі. Сонымен қатар әр қабатта оқыс жағдайларда қызметкерлерді шақыру батырмасы бар.

Оқушылардың қауіпсіздігі BINOM мектептерінде ерекше басымдыққа ие. Әр мектепте кіші және жоғары сыныптар үшін бөлек биометриялық турникеттерден кіруді басқару жүйесі бар екі БӨП (КПП) бар. Сондықтан бөгде адамдар мектеп аумағына кіре алмайды.

Сондай-ақ 10 000 дана кітабы бар кітапхана жасалған. Облыс әкімі мектеп жұмысымен таныса келе, тілек кітапшасына жазба қалдырды.

- Сіздерді заманауи білім ордасының ашылуымен құттықтаймын. Игі істеріңізге табыс пен абыройлы қызмет тілеймін. Binom мектебінен елімізге танымал қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері шығарына сенімдімін. «Бала - бауыр етің» демекші, мұнда тәрбиеленуші әр шәкірттің болашағы жарқын болсын! Сәттілік!-делінген құттықтау хатта.


Мұнда балалар тегін білім алады. Әр мектепте 4000 білім алушы (бір сыныпта – 25 бала), қазақ және орыс тілдерінде оқытатын сыныптарда білім алады.

BINOM мектептері үшін мұғалімдерді іріктеу Jumys Smart Nation ірі интернет-платформасында өтті. Соның нәтижесінде екі кезеңдік конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша атыраулық BINOM мектептеріне еліміздің барлық өңірінен 400-ге жуық педагог шақырылды.

BINOM SCHOOL – «Қаржы орталығы» АҚ  жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері арқылы «BI Group» компаниясы мен Атырау облысы әкімдігі арасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылып жатқан білім беру саласындағы бірегей жоба.

  • 06.09.2023
  • 179
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика