- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Жолдау
Мемлекет басшысы Жолдауда ет, сүт және астықты терең өңдеуге баса назар аудара отырып, қуатты экономикалық серпіліс қажеттігін атап өтті. Бұл салада жаңа жұмыс орындарын құруға және өз бизнесін дамытуға ықпал ететін инвестициялық жобалар іске асырылуда.
Біздің облыста көкөністің біраз мөлшері: 182 мың тонна картоп, 15 мың тонна сәбіз, 15 мың тонна қырыққабат және 3,4 мың тонна пияз өндіріледі. 62 көкөніс қоймасының тек 3-де ғана 6,0 мың тоннаға арналған тоңазытқыштар бар.
Бағаның өсуі ішінара өндірілген көкөністерді сақтай алмаудан туындайды. Бұл мәселе шұғыл шешімді қажет етеді. Биыл Б. Майлин ауданында 6 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасын пайдалануға беру жоспарлануда. 2024 жылға тағы екеуінің құрылысы жоспарланған, олардың әрқайсысының сыйымдылығы 4 мың тонна, барлығы климаттық бақылау жүйесімен қамтылатын болады.
- 07.09.2023
- 160