• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қоғамдық бақылау және петиция туралы заңдар – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа кезеңі

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде тараптардың бастамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі басшылығының кездесуі өтті.

Онлайн режимінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірлік департаменттері, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары, әкімдіктердің ішкі саясат, қоғамдық даму, жастар және дін мәселелері жөніндегі басқармалары, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалдары қатысты.

Министр Аида Балаева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар ведомствоның күн тәртібінде басым орын алатынын атап өтті. «Министрлік азаматтық қоғам институттарын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктеріне біріктірудің маңыздылығын толық түсінеді. Бұл олардың нақты тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті министр.

Ағымдағы жылы АҚДМ-де көрсетілетін бірқатар мемлекеттік қызметтер қатары автоматтандырылғаны айтылды. Ал, «қағаз баламасынан» толықтай бас тартып, цифрлық форматқа көшу бойынша жұмыс министрліктің барлық салаларында алдағы жылы белсенді жалғасады.

«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қатысуымен министрлік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша талдамалық жұмыс жеделдетілді, коммерциялық емес ұйымдарға гранттық қаржыландыру үрдістерін трансформациялау жүргізілді.

«Біз министрліктің өзінде тәуекелдерге ішкі талдау жүргізумен шектеліп қалмаймыз. Барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда да осы жұмысты жүргіземіз, азаматтармен және комплаенс-қызметтермен жұмыстың сервистік моделін енгізуді жалғастырамыз. Министрлік жұмысын түсіндіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабарлама алу бойынша халыққа арналған бірыңғай ақпараттық колл-орталық ашу да жоспарда бар» – деп сендірді жоба жетекшісі Лима Диас.

Министрліктің онлайн «Білім базасын» құрудағы тәжірибесі қызығушылық тудырды. Онда мемлекеттік тапсырыс пен гранттарды қаржыландыру шеңберінде ҮЕҰ соңғы 4 жыл ішінде жасаған интеллектуалды өнімдерді: ғылыми зерттеулерді, әдістемелік нұсқаулықтарды, есептері ашық қолжетімділікте орналастырылған.

Министрлікте баса назар мемлекеттік органдардың ашықтық дәрежесін бағалауға бағытталған, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар пысықталуда. «Қоғамдық бақылау туралы», «Онлайн-петициялар туралы» заң жобаларына және «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға енгізілетін жаңалықтарды әзірлеуде қоғамдық ұйымдармен бірлесіп атқарған жұмыс ерекше назар аударуға тұрарлық.

«Министрлік парасаттылық идеологиясын ілгерілетудегі негізгі әріптес болуға тиіс. Қоғамдық кеңестер қызметі саласындағы оң заңнамалық өзгерістер, қоғамдық бақылау және онлайн-петициялар желісі бойынша новеллалар – мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметінде, демек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда ашықтық пен айқындықты арттыруда серпінді рөл атқаратыны сөзсіз», – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев.

Спикер сондай-ақ, ақпараттық және түсіндіру жұмыстарының өзектілігін атап өтіп, азаматтық қоғамның басты рөліне назар аударды. «Жастар форумдар мен флешмобтарға қатысумен шектелмеуі тиіс – оларды пәрменді іс-шараларға тарту қажет. Осыған ұқсас этно-мәдени орталықтар мен дәстүрлі діни бірлестіктердің өкілдері парасаттылық идеологиясын таратуға және дәріптеуге нақты қатысуы тиіс», – деді.

Шара барысында Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, «Қоғамдық бақылау» тобының үйлестірушісі Саида Таукелева сынды азаматтық белсенділер өз ойларымен бөлісті.

Атап айтқанда, Айгүл Соловьева: «Министрлік басқа мемлекеттік органдарға транспаренттіліктің көрнекі үлгісін көрсетуде. Өткен жылы АҚДМ министрдің қатысуымен 40-тан астам түрлі онлайн-алаң өткізді, онда кез келген ниет білдіруші өз пікірін білдіріп, сұрақ қоя алды. Бұл трендті барлық мемлекеттік органдар қолдауы тиіс», – деді.

Шара соңында министр А. Балаева Агенттіктің ұсынымдары негізінде министрлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылық қағидаттарын нығайту бойынша бірлескен жоба әзірлейтінін жеткізді.

  • 30.12.2020
  • 434
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика