- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Меңдіқара ауданының тұрғындарымен кездесті
"Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау аясында ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Қостанай облысының әкімі Қ.Ақсақалов Меңдіқара ауданының тұрғындарымен кездесті.
Ағымдағы жылы Меңдіқара ауданының бюджеті 6,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 17,3% - ға артық. Қаражат негізгі салаларға, атап айтқанда жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, көлік, тұрғын үй құрылысы және т.б. бағытталған.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға да көңіл бөлінуде. Бұл үшін ауданның әлеуеті зор.
Степановка ауылында жылына 9 мың тонна сүтөндіруге қауқарлы, құны 6 млрд теңгеге болатын 1 200 басқа арналған Сүт-тауар фермасы тұрғызылуда.
"Кәсіпорын өзге де АШТӨ өкілдеріне үлгі болуға тиіс. Ауылдарды таза ұстау және өз қызметкерлері үшін өмір сүру жағдайларын жасау - АШТӨ міндеттерінің бірі. Біз осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек.
- 14.09.2023
- 208