- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
2020 жылы АҚДМ: ЖОБАЛАР, НӘТИЖЕЛЕР, ҚОРЫТЫНДЫЛАР
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2020 жылдағы жұмысы әртүрлі бағыттарда жүргізілді; олар: ақпарат, дін, этносаралық қатынастар, үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл, мемлекеттік жастар саясаты мәселелерін қамтыды.
Сонымен, мемлекеттік тапсырысты құруда бірыңғай әдісті республикалық және жергілікті деңгейде қолдану жүзеге асырылды, контентті өндірушіге телеөнімді үш жылға орналастыру бойынша айрықша құқықтар берілді, талдамалық және мультимедиялық контенттің үлесі артты.
Astana Media Week медиаапталығының аясында екі мыңға жуық адамның қатысуымен 15 семинар-тренинг, 500 аймақтық журналисттерге арналған 5 тренинг өтті.
Сонымен қатар, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ және С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ салалық журналистиканы дамыту бойынша үш меморандумға қол қойылып, Ұлыбритания, Германия және Ресей елдерінің оқыту компанияларымен өзара қатынас орнатылды.
2020 жылы АҚДМ бірнеше жаңа жобаларды іске қосты.
Stopfake.kz сайты:
- фейктердің жалған ақпарат екендігін және өткір тақырыптарға түсініктеме беретін 250 жарияланым орналастырылды;
- сайтқа кірушілер - 66 мың;
- парақшалар қаралымы - 100 мың;
- сайлаумен байланысты фейктерді жоққа шығаратын sailau.stopfake.kz жеке тарауы жұмыс істейтін болады.
Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы:
- бағдарламалардың паспорттары жүктелді;
- индикаторлық көрсеткіштердің орындаулы туралы инфографикамен толықтырылуда;
- сарапшылардың комментарийлері бар «Сұрақтар мен жауаптар» бағаны.
Мемлекеттік БАҚ біріңғай порталы:
- мақсаты: Президенттің, Үкіметтің тапсырмаларын және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу шараларын тарату мен ілгерілету;
- портал редакциясына күнделікті 15-тен 45-ке дейін жаңалық тексттері келіп түсуде;
- 3 мыңнан астам материал орналастырылған.
Сондай-ақ, Massaget.kz пен Tengrinews.kz порталдарында Абайдың 150 жылдығына орай жоба, карантин кезінде ата-аналар мен мұғалімдер үшін оқыту видеолары бар «Онлайн мектеп», «Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасының сегіз көрсетілімі өтті, «Батырлар біздің ортамызда» жобалары құрылды.
Азаматтық қоғам саласында «ҮЕҰ академиясы» ауқымды жобасы жүзеге асырылуда, Қазақстанның IX Азаматтық форумы онлайн режимінде өткізілді, 2700 материал сараптамадан өтіп, деструктивті сипаттағы 1295 материалдың таралуына тыйым салынып, 70 мыңнан астам адам деструктивті сайттар мен әлеуметтік қауымдастықтардан алыстатылды.
Діни идеологиядан зардап шеккен адамдарды оңалту үшін «Жусан» және «Русафа» гуманитарлық операциялары аясында террористік қызмет аймақтарынан оралған 632 азаматпен жұмыс жүргізілуде. «Жусан» операциясы аясында оралған 163 әйелдің 133-і радикалды көзқарасынан бас тартып, деструктивті тенденцияны қолдайтын 2433 адам дәстүрлі діннің ағымына оралды.
Этносаралық қатынастар мәселелері бойынша талдамалық жұмыс жүйесі құрылып, әр аймақтағы этноәлеуметтік шиеленістің карталары жасалып, іске асырылды.
Abai Uii қазақтың мәдени және іскерлік үйлері 5 елде (Украина, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Германия) ашылды. 12 шетелде қазақ тілін үйренуге арналған 31 онлайн-сынып ашылды.
Министрлік Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық-гендерлік саясат тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Жастар арасында жұмыспен қамту, білім беру және тұрғын үй мәселесі бойынша 400 мыңнан астам жастарға арналған онлайн кеңестер беріліп, Zeren республикалық жастар білім беру жобасы іске асырылды.
- 31.12.2020
- 335