• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Медицина қызметкерлерімен кездестім

Соңғы жылдары Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауының арқасында медицинаның дамуы қарқын алды. Тек соңғы үш жылда Жамбыл облысында материалдық-техникалық базаны нығайту үшін 9,1 млрд. теңге бөлінді. 
Инфрақұрылымды жақсарту мақсатында 21 жоба жүзеге асырылуда, 19 нысан пайдалануға берілді.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 3 248 дәрігердің жалақысы 30% - ға, 8 648 орта буын медицина қызметкерлерінің жалақысы 20% - ға өсті.

Дегенмен, бұл салада қордаланған мәселе көп. Қазіргі заманғы құрылғылар толық қанды жетіспейді, жоғары білікті мамандар тапшылығы да сезіледі. Ауылды жерлерде сапалы медициналық көмек көрсету мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ.

Осы және басқа да өзекті мәселелерді біз денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен және ауруханалардың бас дәрігерлерімен кездесуде талқыладық. Өз ісінің шеберлері Сейтхан Жошыбаев, Райқұл Нұржанов, Оразқұл Досқұлов, Марат Жұманқұлов өз ойларымен және ұсыныстарымен бөлісті.

Кездесу барысында облыстың медицина саласын дамытудың басым бағыттарына, медициналық көмек көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, ана мен баланың денсаулығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударып отырмын. Барлық ұсыныстар сараланып, осы саланы дамыту бойынша кешенді жоспар құру кезінде міндетті түрде ескеріледі. Келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, Байқау кеңесінің жұмысын қайта жандандыру бойынша шешім қабылданды.

Бүгінде облыста 15 мыңнан астам дәрігер мен орта буын қызметкерлері жұмыс істейді. Медицинаға ешкім кездейсоқ келмейді. Ақ халатты жандар таңдауын саналы түрде жасап, өмір бойы Гиппократ антына адал болу керек. Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын арттыру бойынша медицина қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелген.

Мен медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегімен жақсы таныспын. Себебі өзім дәрігерлердің отбасында өстім. Әкем де, анам да дәрігер. Осы уақытқа дейін 48 жыл бойы ауылдық ауруханада өздерінің кәсіби міндеттерін атқарып келеді. Жауапкершілік, міндет, адамның өмірін бәрінен бұрын жоғары қою екенін түсіну - бұл оларды әрқашан алға сүйреген құндылықтар.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен дәрігерлерге кәсібилік пен мейірімділік, жоғары біліктілік пен шыдамдылық үшін алғыс айтқым келеді!

  • 18.09.2023
  • 177
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика