- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғындарымен кездестім
Бүгін жұмыс сапарыммен Т.Рысқұлов ауданына арнайы бардым. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Құлан және Жаңатұрмыс ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездестім.
Әрине, қазіргі уақытта облыстың әлеуметтік-экономикасында оң динамика қалыптасқан.
Алайда, шешілуі тиіс мәселелер бар. Олардың шешім жолдарын қарастырудамыз. Өздеріңіз білетіндей, қызметке келгеніме он күн болды. Облыс әкімі ретінде алғашқы сапарым аталған ауданнан басталып отыр. Бұдан кейін апта сайын аудандарды аралап, ауылдардың жағдайымен жіті танысып шығамын.
Сондықтан, айта кететін бір мәселе. Кейбір тұрғындарымыз облыс әкімінің кездесуіне кіре алмай жатады. Алдағы уақытта менің кездесулерім қай жерде, қай уақытта болатыны алдын ала жарияланып отырады.
Құрметті жерлестер нақты, дәйекті сұрақтар жауапсыз қалмайды!
- 18.09.2023
- 134