- Блогтар
- Нүкежанов Е.Б.
Нүкежанов Е.Б.
ҚР МАМ Дін істері комитетінің төрағасы
А. ж. 17 қыркүйегінде Рим Папасы Францисктің Қазақстанға сапарының бірінші жылдығына арналған іс-шара өтті
А.ж. 17 қыркүйегінде Астана қ. Құдайдың Қажымас Қайраткері Ана Соборында Рим Папасы Францисктің Қазақстанға сапарының бірінші жылдығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы келісімге қол қойылғанына 25 жыл толуына арналған іс-шара өтті.
Іс-шараға Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов қатысты.
Е.Нүкежанов өз сөзінде Қазақстан үшін Қасиетті Тақпен сенімді және сындарлы қарым-қатынасты сақтау әрқашан маңызды болғанын және болып қала беретінін атап өтті.
Кездесу соңында Понтификтің Қазақстанға сапарының негізгі сәттері бейнеленген фотокөрме өтті.
- 19.09.2023
- 187