- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Оқушылардың дұрыс тамақтануы басты назарда
Тараз қаласындағы №54 және №13 орта мектептерге жоспардан тыс барып, білім ошақтарының қызметімен, ондағы оқушыларды ыстық тамақпен қамту шараларының қай деңгейде орындалып отырғандығын тексердім.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің халыққа Жолдауында адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту мәселесіне мән беріп, басты бағыт етіп ұсынып, нақты міндеттер жүктеген болатын. Ал адам капиталын дамыту ісінде білім саласы негізгі рөл атқаратыны сөзсіз.
Расында біз балалардың бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына айрықша назар аударуға тиіспіз. Ол үшін олардың алаңсыз білім алуына барынша жағдай жасау керек. Сапалы білім беруде мектептерді қажетті құрал-жабдықтармен қамтылуымен қатар, ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артылуда.
Сондай-ақ, дені сау ұрпақ – ел болашағы екені анық. Балалардың мектепте құнарлы әрі жеткілікті тағаммен қамтамасыз ету ісі де аса маңызды.
Осы бағыттағы жұмыстарды қатаң бақылауда ұстауды тиісті салалық басшыларға тапсырдым. Өзім де жеке қадағалауға алатын боламын!
Айта кетейік, бұл тұрғыдағы жоспардан тыс тексеру шараларын алдағы уақытта тұрақты түрде жалғастыратын боламын.
Сонымен қатар, бүгінде облыс орталығының аумақтық округтерін таңғы сағат 7-ден 9-ға дейін аралап, тиісті мәселелерді реттеуді қарастырудамыз. Ендігі кезекте, жұмыс жоспарынан тыс аптаның демалыс күндерінде аудандарға да барып, жан-жақты танысуды қолға аламыз.
Ал, тұрғындармен кездесу жиындары бекітілген кестеге сәйкес, жұма күндері ұйымдастырылады.
- 20.09.2023
- 149