- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Күзгі орақ
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, ауа-райының қолайсыздығынан зардап шеккен шаруаларға көмек көрсетілетін болады. Осы мақсатта Қостанай облысына бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаров келді. Облыстың диқандарымен жүздесіп, егін орағының барысымен таныстық, осылайша, ағымдағы жағдайды бағамдадық.
Бүгінгі таңда қайта көктеген егін алаңы 33,5% (әлі орақ тимеген 3 млн. га алқаптың 1,1 млн. га). Жалпы, облыс бойынша 5 млн. га алқапта егін жинау жұмыстарын жүргізу қажет болса, 1,4 млн.га алқаптағы өнім жиналды, 1,3 млн. тонна астық бастырылды.
- 25.09.2023
- 192