- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды
Ағымдағы жылы резервке үшінші іріктеу мемлекеттік басқарудың 6 салалық бағыты бойынша жүргізіледі. Оған жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Міндетті шарттардын бірі мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгеру болып табылады.
Іріктеуге қатысу үшін өтінімді беру 1-30 қыркүйек аралығында pkrezerv.gov .kz интернет-порталы арқылы қолжетімді болады.
Іріктеуден сәтті өткен адамдар мемлекеттік қызметтің және квазимемлекеттік сектордың жауапты лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау құқығымен үш жыл мерзімге резервке алынады.
- 26.09.2023
- 215