• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Батырбеков Э.Ғ.
Батырбеков Э.Ғ.

ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігі мен ҚР Энергетика министрлігінің бірлескен мәлімдемесі

2023 жылғы 25 қыркүйекте МАГАТЭ Бас конференциясының 67-сессиясы аясында АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды.

Мәлімдемеде:

Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы арасындағы Қазақстандағы жоғары байытылған уран (ЖБУ) қорын барынша азайту жөніндегі көп жылғы жемісті ынтымақтастықтың нәтижесінде 2023 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының ИВГ.1М зерттеу реакторын төмен байытылған отынға ауыстырудың сәтті аяқталғандығы туралы,

тараптардың ИВГ.1М реакторының пайдаланылған ЖБУ-отынын қауіпсіз сақтау және түпкілікті сұйылту жөніндегі ынтымақтастықты жалғастыру, ядролық қаруды азайту және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту бойынша күш- жігерді қолдау ниеті туралы,

ҚР ҰЯО мамандары әзірлеген бірегей технологияны пайдалана отырып, 2027 жылы қазақстандық импульстік графит реакторының (ИГР) сәулеленген отынын сұйылту мен иммобилизациялауды аяқтау, зерттеуді жалғастыруға және сонымен қатар таратпаудың өзара мақсаттарын көздеуге мүмкіндік беретін ИГР реакторын ТБУ-отынға ауыстыру жөніндегі ресейлік емес балама шешімді айқындау үшін жол картасын әзірлеу ниеті туралы айтылған.

МАГАТЭ Бас конференциясы аясында осындай бірлескен мәлімдемелерге бұған дейін де, атап айтқанда, 2019 және 2020 жылдары қол қойылды және Қазақстан мен АҚШ делегацияларының екіжақты кездесуін өткізу шеңберінде жақсы дәстүрге айналды. Бұдан да бұрын, Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік саммиті шеңберінде, яғни 2016 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың қазақстандық ВВР-К реакторын конверсиялаудың сәтті аяқталуы туралы, тараптардың ядролық қаруды таратпау режимін нығайту және ядролық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі практикалық шараларды іске асыру бөлігіндегі басқа да жетістіктері мен күш-жігері туралы бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды.   

Анықтама. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында екі зерттеу реакторын – ИВГ.1М және ИГР реакторларын конверсиялау бойынша ауқымды жоба іске асырылып жатыр.

Жоба АҚШ DOE және Аргонн ұлттық зертханасының қолдауымен жүзеге асырылады.

Басты мақсаты – ИВГ.1М және ИГР реакторларының отынын байытуды U-235 (уран-235) бойынша 90% - дан 19,75% - ға дейінгі азайту.

2022 жылы конструкцияға оншалықты араласусыз реактивтілік қорын 2 есе арттыра отырып, ИВГ.1М реакторының актив аймағын төмен байытылған уран (ТБУ) отынына ауыстыру аяқталды. Конверсиялау және барлық рұқсат құжаттарын ресімдеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ИВГ.1М зерттеу реакторы 2023 жылғы 18 мамырда өз жұмысын бастады. Реактор белгіленген қуат деңгейіне шығарылып, реактор қондырғысының барлық жүйесі штаттық режимде жұмыс істеді. Бұл – Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау режимін нығайту ісіндегі кезекті маңызды жетістігі. Қазіргі уақытта ИВГ.1М реакторы бейбіт атом саласындағы бюджеттік және коммерциялық бағдарламалар шеңберінде жетекші халықаралық ұйымдар қызығушылық білдіріп отырған эксперименттерді жалғастыруға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қайта бастауға дайын.    

  • 26.09.2023
  • 219
Батырбеков Э.Ғ.

ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» Бас директоры

Батырбеков Э.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика