• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысы әкімдігі мен ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық.

Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асып отыр.

Президент өзінің халыққа Жолдауында ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғамның орнықты дамитындығын, орталықтағы білікті дәрігерлердің тәжірибесін өңірлердегі медициналық қызметкерлермен бөлісудің маңыздылығын баса айтқан болатын.

Меморандум алдағы уақытта өңірдегі медицина саласының дамуына айтарлықтай ықпал етеді деп сенемін.

Орталықтың басшысы Алексей Цойдың айтуынша, бұл келісім қала тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту бойынша қызметтерді алуға, қажет болғанда жағдайда ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, өңірдің медициналық мекеме қызметкерлеріне инновациялық технологияларды оқыту, ауруларды алдын алу, диагностикалау, жаңа медициналық технологиялар мен инновациялық әдістемелерін дамыту саласында тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік.

Айта кетейік, аталған шара аясында облысымызда Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығының күндері өтті. Елордалық клиниканың жоғары білікті дәрігерлері тегін кеңестер беріп, оталар жасады. Сондай-ақ, жамбылдық әріптестерімен аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеудің заманауи әдістері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Төрт күннің қорытындысына сәйкес, олардың қатысуымен науқастарға 32 ота жасалып, 60-тан астам кеңес берілсе, 30-ға жуық презентация мен шеберлік сағаты ұйымдастырылып, қатысушы ретінде 500-ден астам жамбылдық дәрігерлер қамтылды.

Мемлекет басшысы ұсынған ПІБ Медициналық орталығының жоғары білікті мамандарының оқыту және озық тәжірибені аймақтарға тарату идеясы еліміздің қалалары мен аудандарында көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға оң әсерін тигізетініне сенімдімін.
Бүгінде облыстағы медициналық нысандардың саны артып, олардың заманауи құрал-жабдықтармен қамту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысы тарапынан саладағы мамандардың жалақысын арттыруға айрықша көңіл бөлініп келеді.

Осы сәтті пайдалана отырып, Алексей Цойдан облыс медицинасының дамуына үздіксіз қолдау көрсетіп, көңіл бөлгені үшін Президентімізге Жамбыл облысы тұрғындарының атынан алғыс айтуын сұрадым.

  • 02.10.2023
  • 145
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика