- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Ғауез Нұрмұхамбетов сумен қамтамасыз ететін кәсіпорындарға барды
25 қыркүйек күні облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облысымыздағы сумен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметімен танысты. «Қызылжар су» серіктестігінде су және кәріз желілерін жөндеу туралы ақпарат айтылды. Кейін өңір басшысы «Тазартқыш, су таратқыш және су өткізгіш ғимараттар» коммуналдық кәсіпорнына барды.
Қызылжар ауданындағы «Есіл су» кәсіпорнының Соколов өндірістік учаскесінде болып, облыста атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, топтық су құбырларына қатысты түйткілді мәселелер көтерілді.
"Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету – стратегиялық міндет. Сумен қамту саласындағы мәселелерді шешу үшін тиісті шаралар қабылданатын болады", - деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.
- 02.10.2023
- 168